Ерте?гілік.?ыз еркем ?ылы?ымен к?ркем. Мектепалды даярлы? тобы


«Қыз еркем, қылығымен көркем!» (Ертеңгілік)
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.Тәрбиеші: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ардақты әжелер, сұлу арулар! Сіздер 8 - Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған мерекелік кешке жиналып отырсыздар. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім өз өнерлерін көрсетпек. Ортаға жүргізуші жігіттерімізді шақырамын1 - жүргізуші: РусланАрмысыздар, құрметті әжелер, ардақты аналар, аяулы қыздар!Сіздерді 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!2 - жүргізуші: ДиасМектепалды даярлық тобында өткелі отырған аналар, қыздар мерекесіне қош келдіңіздер!1 - жүргізуші: Руслан:Той пердесін ашайықТойға шашу шашайықАналарды құрметтеп,Әжелерді ардақтап,Ән мен жырға басайық!2 - жүргізуші: ДиасБүгін Наурыздың сегізі,Сұлулықтың егізі.Әдемі сөз адамның,Анаға айтар лебізі.1 - жүргізуші: РусланБүгінгі өткелі отырған бұл мерекеміз екі бөлімнен тұрады, бірінші бөліміміз «Құтты болсын аяулылар, мерекең» деп аталады. Яғни, осы топтың ұлдары аналарына, әжелеріне, топтағы құрбы қыздарға ақ тілектерін білдіреді.2 - жүргізуші: ДиасЕкінші бөліміміз «Қыз еркем, қылығымен көркем»деп аталады. Топтағы әдемі қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады. Бұл бөлімде қыздардың өнерлерін ұл балалардың ата - аналары сараптайды. Ортадан үш ата - ана шығып әділқазылар үстеліне жайғасуға болады.1 - жүргізуші: РусланОлай болса біз бастаймыз, тобымыздың сері жігіттерін ортаға шақырайық!/ортаға ұлдар қолдарына гүл алып шығып тақпақтарын айтып отырған аналарға гүл таратады/1 - оқушы АлдиярЖанымызды жайнатқанСіздер ғой ол аналарЗор денсаулық мол бақытТілейміз біз балаларАппақ мамам, ақ мамам«Ақ мамам» деп мақтанамТүн ұйқыңды төрт бөліп«Бөпешім» деп жатпаған2 - оқушы АрнұрМәпелейсің мені анамҚолыңдағы құсыңдайҚұлпыра өсіп дем аламҚұшағыңда қысылмай3 - оқушы НұрқасымАнам менің сүйіктімТек өзіңе табынамҚасымда жүрсең биікпінАлыстасаң сағынамАнаң болса қасыңдаБасқа бақыт не керекАналардың жүрегіМейірімді ғой керемет4 - оқушы МағжанӘр сөзіңді жаттағамЖүрегімде сақтағамАнашым деп мақтанамАйналайын ақ мамамАйтсаң болды тіл аламӘйбат анам, әй анамСені көрсем қуанамСен керексің тек маған.5 - оқушы Ислам ҚаловӨзің мені өсіргенАйналайын ақ әжемТентек болсам кешіргенАуырмашы, ай әжемӘже деген көп шығарӘжемдей менің жоқ шығарМейірімді бұл кісіҚандай ғажап күлкісі6 - оқушы ИсламАдал бол деп баласынӘділдікке баулығанЖүрегінде мархабатАнамызға мың алғыс7 - оқушы ЕрнұрТірегі болып қасындаБірге еріп жүремінЖанашырым жанымдаТек әжем деп білемінАнамды да жақсы көремАйтқан тілін аламынҚасында әжем, анамныңШаттанып ойнап күлем8 - оқушы РасулАна біздің күнімізАна біздің гүлімізБізді ана қуантыпҰзақ өмір сүріңіз9 - оқушы НұрасылӘлпештеген аялағанАқ сүт берген анатайымШын жүректен бүгін сеніМейрамыңмен құттықтаймын10 - оқушы АқтілеуБөбегіңнің сыйлығынҚабыл алшы анашымҰзақ өмір жүз жасапАуырмашы анашым1 - жүргізуші РуланАналарды сүйемізСөзін ойға түйемізӘжені де ардақтапӘдеппен бас иеміз бәрі бастарын иіп қолдарындағы гүлдерін отырған аналарға таратып шығады2 - жүргізуші ДиасЕндігі кезекте Мағжан ұлдарыңыздың әсем әнін қабыл алыңыздар!Ән «Анашым»орындайтын Бектасұлы МағжанТәрбиеші:Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі, бүгінгі балапан ару, ертеңгі бойжеткен. Олай болса даярлық балаларына эстетикалық тәрбие беріп, әдемілікке, сымбаттылыққа, қыз балаға тән инабаттылыққа, ибалыққа тәрбиелеу мақсатында «Қыз еркем, қылығымен көркем» бөліміне кезек береміз. Бұл байқауымыз 5 бөлімнен тұрады.1. «Өзге емес өзім айтам өз жайымды»/арулар өздерін таныстырып өтеді/2. «Мақал айтам майысып, мақал сөздің мәнін ұқ»/арулар жаттап келген мақал - мәтелдерін кезектесіп айтып шығады/3. «Достығы жарасқан ел ұрпағымыз»/балапан арулар әр ұлттың киімдерімен шығып сән үлгісін көрсетеді, өз киімдерін қорғайды/4. «Бал бармақты арулар»/Әр ұлттың ұлттық тағамдарын көрсетіп, қорғайды/5. «Таудай биік талабым, мен өнерлі баламын» /өз өнерлерін көрсету/Олай болса,Мен қазақ қыздарына қайран қалам,Жанары жаны жаздай жайрандаған.Қыз өссе елдің көркі деген сөздіҚапысыз қалай айтқан қайран бабамДеп ақындар жырлағандай сахана төріне кішкентай ару бүлдіршіндерді шақырамыз.1. Қыздарымыз тамаша,Келді гүлдей жараса.Төрімізге келсіншіЕржанқызы Камила2. Көктеммен жүрек нұрландыКөңілге қуаныш жиналды.Қарсы алайық құрметпенСерікова Балғынды.3. Біле бермес әркім сенің жайыңды,Қыз деген ол елестетер қайыңды.Аққнұр атты аруымыз және бар,Өнерімен таң қылатын бәріңді4. Баласынан күтер ана көп үміт,Тұрса дейді күндей күліп төгіліп.Шықты міне ортамызға үлбіреп,Томпиған бұл Еркінова Еңілік5. Әрбір таңмен атсын әркез күн күле,Қуансын сәби анасымен бір жүре.Ортамызға келсін ару АслияАспандағы жұлдыздай боп сүмбіле.6. Қыздар сұлу көрінеді талғамды,Өнер сүйер оттай болып жанғанды.Тал бойына талай өнер тоғытқанҚарсы алайық Ерболова Кәусарды7/8. Шарықтайды жүректерде ән қанат,Құра берсін әдемілік салтанатОртамызға қос Алтынай келіп тұр,Ай жұлдыздай қол ұстасып жарқырап.9. Ізгілікті бойларыңа көп жина,Жан жылуын жақыныңа көп сыйла.Даярлықтың нәзік гүлі секілді,Алдыңызда Бағалтаева Мадина10. Бізге таман аударыңыз назарды,Бір серпіліп көңіл шіркін тазарды.Кіп - кішкентай ару қыз бар Аяла,Тамсандырар өнерімен ажары/әр ару шыққанда ұлдар гүл сыйлап тұрады/Міне, кішкентай аруларымыз ортамызда ендеше, біз бастаймыз, бірінші шартымыз бойынша таныстыруға кезек берейікІ.«Өзге емес өзім айтам өз жайымды» деп аталады /арулар өздерін таныстырып өтеді/1. Камила, 2. Балғын. 3. Ақнұр. 4. Еңілік. 5. Аслия. 6. Кәусар. 7. Алтынай Ж. 8. Алтынай А. 9. Мадина. 10. АялаІІ - шартымыз «Мақал айтам майысып, мақал сөздің мәнін ұқ»/арулар жаттап келген мақал - мәтелдерін кезектесіп айтып шығады/Байқауымыздың үшінші бөліміне қыздарымыз дайын болғанша біздің сыныптың өнерлі ұлдары аналарына 8 - наурызға тару ретінде топтық би түрлерін ұсынады. Қабыл алыңыздар!Флеш моб /Ұлдар/Тәрбиеші: Өте тамаша, керемет! Ал енді көріктері көз тойдырмас әдемі аруларымызды ортаға шақырайық сән үлгісі.ІІІ. «Достығы жарасқан ел ұрпағымыз»/балапан арулар әр ұлттың киімдерімен шығып сән үлгісін көрсетеді, өз киімдерін қорғайды/ІҮ. «Бал бармақты арулар»/Әр ұлттың ұлттық тағамдарын көрсетіп, қорғайды/Ү. «Таудай биік талабым, мен өнерлі баламын» /өз өнерлерін көрсету/Тәрбиеші: Міне, бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған мерекеге арналған байқауымызда өз мәресіне келіп жетті. Қазыларымыз қортынды шығарғанша, жыл көлемінде мектеппен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесіне, біліміне, тазалығына қарап ерекше белсенділік танытқан ата - аналарыма өз атымнан алғыс айта отырып марапаттағым келіп тұр. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!Марапаттау табыстау. Ата - аналарға құттықтау сөз кезегі беріледі. Ұлдар қыздарды құттықтап сыйлықтар табыстайды.