Саба?тан тыс шара Ойыншы?тар даярлы? тобы


Пән:Сыныптан тыс
Сыныбы:Д «А»
Мақсаты:1.Балаларддың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту.
2.Сөздік қорларын,сөйлеу мәдәниетін,ойлау қабілетін дамыту.
3. Ойыншықтарын күтіп,ұқыпты,таза үстауға тәрбиелеу.
Көрнекілектер: Ойыншықтардың суреттері.
Сабақ барысы:
-Балалар бірге қосылып айтайық:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықты жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Мұғалім:
-Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
- Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайді?
- Ал ұлдар ше?
- Осы ойыншықтар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Менің ойыншықтарым.
Қарлығаш: Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Олармен ойнап жүремін,
Мерейлім:Ойыншығым –күшігім,
Сүп-сүйкімді,жұп-жұмсақ,
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
Ақнүр: Ойыншығым –қуыршағым,
Не берсемде жемейді.
Еркелегі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Сймбат: Ойыншығым-қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.
Гаухар: Ұшағым бар ойыншық,
Ұшырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.
Бақнұр: Ойыншығым роботым,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.
Айдана: Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін бірдей көремін.
Жуындырып,тазалап,
Күтіп ұстап жүремін.
Доп.
Жақсылық: Добым,добым,домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдіріп,
Тәрелкені сындырып.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Қуыршақ.
Айтолқын: Әй қуыршақ,қуыршақ,
Жуыңбайсың,жуынсақ.
Беті-қолдың батпағын
Елең қылмай жатқаның.
Қашан адам боласын?!
Назерке: Әй,қуыршық,қуыршақ,
Біз қуырдақ қуырсақ,
Отырасың бұртиып,
Шікірейіп,шіртиіп,
Қашан адам боласың?!
Айым: Әй,қуыршақ,қуыршақ,
Су әкел деп қиылсақ,
Бетті теріс бұрасың,
Бедірейіп тұрасың.
Қашан адам боласың?!
Пойыз.
Нұртілеу: Рельсті жолы ұзын,
Мынау-менің пойызым.
Тық-тық,
Тық-тық,
Жолға шықтық.
Тақ-тұқ,
Шамды жақтық.
Беп !
Жолдан кет.
Тақ-тұқ,
Керек сақтық.
«Ойыншықтар айтысы» ертегісін үснады.
Автордың сөзі:Мерейлім.
Қуыршақ: Альбина.
Қоян:Назерке.
Аю: Айдын.
Текшклер: Сұңғат,Мәди.
Велосипед:Гаухар.
Доп: Айдана.
Көгершін:Ақерке.
-Ал балалар,бәріміздің сүйікті ойыншықтарымыз бар екен.Осы ойыншықтарымызды үқыптап үстап үренейік.Ата-аналарымыздың сөзін тындап,
ойыншықтарды жинап жүру екенін үмытпаңдар.