Сыныптан тыс саба? Жігіт с?лтаны


Сабақтың тақырыбы : Жігіт сұлтаны.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат, адамгершілік пен адалдық сияқты қасиеттерді сіңіру, дүниетанымдарын кеңейту, іскерлік дағдыларын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Түрі : сайыс түрінде.
Әдісі: сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімдері, қазақ батырларының суреттері, қазақ туралы жазылған сөздер, ұлы адамдар нақылы жазылған плакаттар.
Барысы.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп.
Жасап жатыр анық той.
Тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны.
Нағыз қазақ осы міне,
Танып қой!
Сәйгүліктей құйрық жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы
Қараңдар!
Қазақ осы күй шығарып,
Ән салып,
Көкпар тартып
Қыз қууға жаралған !
Қазақ осы, дала дейтін ,
Күн дейтін.
Қазақ осы-
« Өнер алды – тіл дейтін.
Қазақ осы, қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба,
Жатырқауды білмейтін.
Құрметті , ұстаздар, оқушылар !
Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде « Нағыз қазақ» атты бойына өршіл рухы, бар ,парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
Нағыз кәусар жігітті.
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті
Анықтайтын кез келді,- дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық.
жүргізуші: « Жігіт сұлтаны» сайысына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасатына, қайраты мен күшіне баға беруші әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші: Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік ,
Ер табылса , жарайды қылса сұхбат,-дей отырып, « Жігіт сұлтаны» сайысын әдемі бір әнмен бастасақ дейміз.
Ән «Терме» .
Жүргізуші: Сайысымыздың « Тегімді менің сұрасаң» деп аталатын 1- бөлімі бойынша сайысқа қатысушылар қазақ киімімен шығып, өзін-өзі таныстырады.
Жүргізуші: Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
« Бәрекелді ! деп шіркінге ,-дей отырып , сайысымыздың « Жігітке жеті өнер аз ,жетпіс өнер көп емес» деп аталатын 2-бөлімді бастаймыз.
Жүргізуші:Бұл бөлімде сайысқа қатысушылар қазақтың дәстүрлі әнін, биін, күйін орындайды немесе бір шығарманы мәнерлеп оқиды.
Жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз,- демекші сайысымыздың « Көркіне ақылы сай» деп аталатын 3-бөлімінен бастаймыз.
Мұнда салт- дәстүрге байланысты сұрақтар мен мақал –мәтелдер қойылады.
Жүргізуші: Сайысқа қатысушылар қоржыннан асықтар алу арқылы сұрақ реттерін анықтап , сұрақтарға жауап береді.
Бата деген не? Қандай түрлері бар ? Бата бере білесің бе ?
Үш ұғым туралы сұрақ . Үш жүзді ата . Үш арсыз. Үш даусыз.
Бес асыл іспен бес дұшпан.
Жеті жетімге не жатады.
Жеті жұт.( құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, сел, зілзала)
Жеті мүшел жас. Сәбилік-13 , ер жету-25 , жігіттік шақ-37 ,
Орта жас-49, ақ сақалдық-61, қарттық тартқан-73.
Жігіттің үш жұрты. Үш мұрат. Сауда мұраты- ұту,
Жол мұраты-жету.
Қыз мұраты-кету.
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты.
Дүниеде ең жақының кім ?
Дүниеде не қымбат ?
Жеті қазына.
Дүниеде не қиын.
Әнге кезек берейік « Үш қоңыр»
Жүргізуші: Ей, жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай білсен ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп.
Келесі сайысымыз «Ескермейтін есті сөз»
Отқа су құйма, түкірме.
Мал сүйегін отқа жақпа,ақты төкпе.
Қазақ түнде мал, адам санамайды
Пышақтың жүзін жалама, пышақтың жүзін кезбе.
Үйге қарай, үйінді айналып жүгірме.
Ей ,ер жігіт,ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атына ерік бер жігіт
Күшінді көрсет, ер жігіт! – дей отырып , сайысымыздың «Ақылына күші сай» - деп аталатын бөлімін бастайық.
Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығы мен қарулығын анықтау мақсатында «Қол күресі » өткізіледі.
Әділқазылар алқасы осы « Нағыз қазақ» сайысының «Жігіт сұлтанын» анықтағанша әнге кезек берейік.
Ән «Жігіттер термесі»
Қорытынды :
Киров орта мектебі
Тақырыбы: «Нағыз қазақ»

Дайындаған: Кусаинова А.У.
20 -20 оқу жылы