Ж дыбысы ж?не ?рпі сауат ашудан ашы? саба? (мектепалды даярлы? класс)


Тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.
Сабақтын мақсаты: Ж дыбысынын айтылу, дыбыстылау артикуляциясымен таныстыру.Ж дыбысын дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға ұйрету.Сурет арқылы заттың атауын білу,ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын, ойыншщықтар,көрнекілік,жұмбақ,ребус шешу.
Оқу іс әрекететінің көрнекілігі: суреттер,кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлембердік сіздерге,
Құрметпен біз.
Оқу іс -әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар бүгін ауа райы қандай?
-Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?
-Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?
Ендеше сәрсенбе күнді қандай күн деуші едік?
-Көңіл күйміз қалай?
-Ендеше ,балалар осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық.
-Балалар , біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Қандай болып екіге бөлінеді?
-Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін,оларды айтасындар. Осы атаган дыбыс дауысты болса қызыл текшелерінді,дауыссыз болса көк текшелерінді көтеріндер.
-Ал ,бүгін оқу іс әрекетін «Кім тапқыр?» деген ойынымен бастаймыз.
Дыбыстарды жеке жеке айту .
Негізгі бөлім.
«Алма жинау» Дидактикалық ойын.
-Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен.Әр алманын артында сөздер жазылған,сол сөздерді оқып ,буынға бөлу, сөйлем құрау, мына үлкен себетке саламыз.
Жұмбақ жасыру:
Бос жер қалмай аспаннан
Түнде шешіп тасталған,
Моншақтардың аты не? \жұлдыз\
Қандай әріптен басталған.
-Мынау Ж дыбысының таңбасы Ж –әрпі.
Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да,қайталап,анықтау. Баспа түрін көрсету.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Жа-жа-жа
Менің атым- Қожа.
Ребус шешу.
Дәптермен жұмыс.
Әже, жолбарыс ,морж сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында,аяғында келетін сөздер айтқызу.Дәптердегі буындарды,сөздерді оқыту,хормен қайталау.Үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін жазады.Торкөздегі ж дыбысының орнына қарай сөз ойлап жазады.Торкөзді санап,қайталап салады.«Сөйлем құра» тапсырмасын орындату.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
«Біз зерекпіз?» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.Буынға бөлу
Мұғалім:Ж.Смаковтың «Жау,жау,жаңбыр» деген өленің оқиды.
Жау ,жау,жаңбыр жау жаңбыр
Жауған жаңбыр,жауған нұр,
Жердің шаңы басылсын
Гүлдің ауызы ашылсын
Еккен егін көктесін
Бізге нанды көп берсін.
Үстел үстіндегі ойын: -Ал,балалар мына матаны ашамын ,астынан бірнеше ойыншыктар көресіндер Сол ойыншықтардың ішінен ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. -Жылқы,жолбарыс, жүзік.
Сабақты қортындылау:«Менің көжегім» тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу.Салған суретке сөйлем құрау.Ж дыбысы бар сөздерді атату.
-Балалар ,бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Ж дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?