?арапайым математикалы? ??ымдарды ?алыптастыру ?ажайып пішіндер та?ырыбында?ы о?у іс -?рекетіні? жоспары


Білім беру сала: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Ғажайып пішіндер.
Мақсатты:
Білімділік: Балалардың ойын арқылы тілін дамыту, геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Зейін,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа , жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы.
Билингвальды компонент: Дөңгелек – круг, үшбұрыш – треугольник, шаршы - квадрат.
Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер шаршы, ұшбұрыш, дөңгелектің суреттері, түрлі –түсті бөліктерге бөлінген шаршылар, үйдің суреті, кәмпиттер, смайликтер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауадан салайық,
Достық мейірін салайық,
Жүрек жылуын салайық.
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық. Балалар шеңберге тұрып, қимылмен көрсетіп тәрбиешімен бірге орындайды
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт
Есік қағылады. Әйгерім қуыршақ келеді.Ол балалармен амандасып, өзімен бірге екі тәрелке және кәмпит әкелгенін айтады.
Маған көмектесесіңдер ме?
«Қуыршаққа көмектес» ойыны
Шарты: Балаларға екі бос тәрелкені көрсетеді де, олардың оған көмектесуін өтінеді. Бір баланы шақырып, кішкентай тәрелкеге бір кәмпит салуын, содан соң келесі баланы шақырып, үлкен тәрелкеге көп кәмпит салуын сұрайды.
Қуыршақ:
Рахмет, балалар. Сендер маған көмектестіңдер. Менің сендерге сыйлығым бар, ол «Үйшік» ертегісі. Бұл ерекше ертегі. Оны сендерге тәрбиеші апайларын оқып береді.
Тақтада үйшіктің көрінісі. «Жазда далада аласа да, биік те емес ерекше бір үйшік тұр екен. Сол үйшікке қарай бір дөңгелек жақындап келеді. Оның үйшікке кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр.
Ей, құлып, жылдам ашыл. Менің үйшікке кіргім келеді,»- дейді дөңгелек
Егер дөңгелек сөйлей алған болса, өзі жайлы не айтар еді?
Дөңгелектің түсі қандай?
Дөңгелек не істей алады?
Дөңгелектің үйшікке кіргісі келіп еді, сиқырлы дауыс оған:
«Балалармен ойын ойнасаң, кіргіземін,»- дейді.
Ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Шарты: суреттер бойынша әңгіме.
Тақтада суретте тәуліктің қай мезгілі бейнеленген?
Балалар, біз таңертен не істейміз?
Дөңгелек үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастайды. Бір уақытта біреу есікті қағады.
Дөңгелек: «Бұл кім?»-деп сұрайды.
Бұл не екен, балалар?
Үшбұрыш көрінеді.
Барлығы бірге оның бұрыштарын санайды,
Үшбұрыш та үйшікке кіруге рұқсат сұрайды, сонда дөңгелек: «Балалармен ойын ойнасаң, жіберемін», - дейді.
Сергіту сәті:
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан.
Жай-жай-жай.
Қозғап барлық денені
Қаттырақ соқ қолды енді.
Сарт-сарт-сарт.
Айтқан кезде өлеңді
Ақырын бас еденді
Жай-жай-жай.
Үшбұрыш шарты орындалғаннан кейін үшбұрышты кіргізіп алады. Үшбұрышпен дөңгелек бірге тұрып жатты.
Сонда үйшіктің маңына тағы жаңа қонақ пайда болды.
Балалар, бұл не?
Балалар, төртбұрыш туралы не айта аласыңдар?
Түсі қандай?
Оның дөңгелектен айырмашылығы неде?
Дөңгелек пен үшбұрыш жаңа қонақты көруге шығады.
Төртбұрыш та үйшікте тұрғысы келетінін айтады
«Балалармен ойын ойна, сонда есікті ашамыз» - дейді үшбұрыш.
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны.
Шарты: Балалар бөлшектерден бүтін зат құрастырады.Ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жинайды.



«Үйге кір, үшеумізге бірге тұру көңілдірек болар»- дейді үшбұрыш. Сонымен, балалар, үйшікте ғажайып пішіндер бірге өмір сүрді.
Билингвальды компонент: үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, дөңгелек-круг.
Міне, балалар, қуыршақ Әйгерімге рахмет айтайық. Қандай қызықты ертегі бізге сыйлады.
Қуыршақ: Міне, балалар, сендер де осы ғажайып пішіндер сияқты дос болыңдар, тату болыңдар.
Ал менің қайтатын да кез келді.
Сендер пішіндердің тапсырмаларын өте жақсы және дұрыс орындадыңдар. Сол үшін сендерге мына тәттілерден берейін (Кәмпит таратады)
Рахмет сендерге. Сау болыңдар.
Балалар қызығушылық танытады.
Әйгерім қуыршақпен амандасады.
Ия.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Қызыл.
Домалайды
Таңертең (таң) туралы
Ұйқыдан тұрамыз, жаттығу жасаймыз, балабақшаға барамыз, таңғы асымызды ішеміз.
Балалар үшбұрыш деп атайды.
Сергіту сәтін қимыл –қозғалыс жасап орындайды.
Төртбұрыш.
Көк
Оның бұрыштары, қабырғалары бар.
Әр бала өз бетінше үшбұрыштардан төртбұрышты құрастырады
Балалар қайталайды
Балалар рахмет айтады.
Балалар рахмет айтып қуанады.
Сау болыңыз.
Рефлексиялық-түзетушілік - Сонымен балалар үйшіктің ішінде не тұрады?
-Пішіндер бізбен қандай ойындар ойнайды?
- Суреттер көрсету арқылы қандай пішіндерден тұратынын сұрайды.
Балалардан геометриялық пішіндер туралы сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтау, қорытындылау.Балалардың жетістіктерін бағалау.
Балаларды смайликтермен мадақтау. Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына тәрбиешінің көмегімен жауап береді. Топты заттардың ішінен геометриялық пішіндерге ұқсайтын заттарды тауып айтады.
Мадақталған балалар қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндер туралы біледі, оларды сипаттай алады.
Түсінігі бар: Пішіндердің түстері жайлы ,олардың қандай заттарға ұқсайтыныны жөнінде түсінігі бар.
Орындай алады: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын бір-біріне ажырата алады.

Өткізген тәрбиеші: Мукушева Индира Мертаевна
«Бастау» балабақшасы Жарма ауданы, Шуақ ауылы