?арапайым математикалы? ??ымдарды ?алыптастыру саба?ты? та?ырыбы: «Сопа?ша. 2 саны »


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы: «Сопақша. 2 саны »
Сабақтың мақсаты:
Түзете-білімділігі: Балалардың геометриялық пішін сопақша туралы ұғымын бекіту, санауға үйрету.
Түзете-дамытушылығы: Балалардың танымдық әрекеттерін жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Көру және есту арқылы қабылдау түйсігін дамыту. Ұсақ моторикасын дамыту.
Түзете-тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Үлкен шеңбер құрған соң,
Алақанды ұрайық.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Ал санайық, санайық,
Сан сырына қанайық!
Бір саусақты жұмайық,
«Бір саны», - деп ұғайық!
Екі саусақ жұмайық
«Екі сан» - деп тынайық!
Үшіншісін жұмайық,
«Үш саны» - деп шығайық!
Тағы бірін жұмайық,
Төрт санына ылайық.
Жұдырықты жұмайық,
"Бес болды» - деп ұғайық.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Мынау қандай геометриялық пішін?
- Мынау – дөңгелек.
- Дөңгелекке ұқсас заттарды ата.
- Мына заттар неменеге ұқсайды?
- Дөңгелекті дөңгелетіп көрейік.
- Дөңгелей ме?
Дөңгелекті саусақпен жүргізіп көрейікші, қараңдаршы, қандай әдемі дөңгелек, тіпті саусақтарымыз тоқтамайтын сияқты. Дөңгелекті дөңгелетіп көрейік.
- Міне, барлық дөңгелектер домалайды екен.
- Мынау қандай геометриялық пішін?
- Мынау – сопақша.
- Сопақшаға ұқсас заттарды ата.
- Мына заттар неменеге ұқсайды?
Суретпен жұмыс:
Балаларға үстелдегі пішіндерді, олардың түстерін атауды ұсынады. Балаларға тапсырма береледі.
- Сопақша пішіндерді табу.
Мына сурет бойынша сұрақтарға жауап беру керек
- Суретте қанша алма?
- Көп
- Қызыл алма қанша?
- Қызыл алма біреу
- Дұрыс, қызыл алма біреу және 1 санын білдіреді.
- Мынау – 1 саны. 1-ге не ұқсайды?
- Тіреу, ілгек, таяқшаға
- 1 санын ауада жазу
- Таяқшаны пайдаланып 1 санын үстел үстіне жазады.
1 саны – бір заттың санын білдіреді.
- Партаға 1 таяқша қой. Қасына сәйкес санды қой.
- Партаға 1 дөңгелек қой. Қасына сәйкес санды қой.
- Мынау – 2 саны. 2-ге не ұқсайды?
- 2 санын ауада жазу
- Таяқшаны пайдаланып 2 санын үстел үстіне жазады.
2 саны – екі заттың санын білдіреді.
Қарындаш нешеу?
Түстерді ата.
Алма қанша болды?
Қанша нүкте болса, сонша таяқша көрсет.
Екі құлағынды көрсет.
Бір құлағыңды көрсет
Екі қолынды көрсет.
Бір қолынды көрсет.
Мұрның нешеу?
Қөзің нешеу?
Басын нешеу?
Аяғың нешеу?
372046513335Бір кәмпит ал.
Тағы бір кәмпит ал.
Неше кәмпит алдың?
Тиісті цифрды қой.
Тиісті цифрды қой.
Санды ата
Алақанынды көп рет шапалақта.
Екі рет шапалақта.
Бір рет шапалақта.
ІҮ. Сергіту сәті:
Балалар,
Доп сияқты секіріп,
Машинаға ұксап жүріп қимылдар жасайды.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып – жұмамыз.
Онан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз.

Ү. Бекіту:
Дидактикалық ойыны: «Ұқсас заттарды ата?»
Мақсаты: Балалардың көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту.
ҮІ. «Біз не білдік?»
Сопақша – геометриялық пішін.
Сопақшаға ұқсайды.
ҮІІ. Бағалау
Балаларды жеке-жеке мадақтау