Сауат ашудан саба? жоспары. Та?ырыбы: Г дыбысы мен ?рпі


Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасату, оқуға, жазуға жаттықтыру, жаттығулар, ойындар арқылы дыбысты, әріпті есте сақтау, берілген дыбысты сөз ішінен дұрыс таба білуге үйрету. Буын, сөз ұғымдарын кеңейту. Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ойыншықтар, магнитті тақта, кеспе әріптер қалтасы, текшелер, "Сауат ашу. Әліппе - дәптер"
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, сөздік, ойын.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі
ІІ Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау. Тақтаға : а,ш,с,п,ж,ү,з т.с.с. әріптерін іліп, осы әріптерден басталатын бірнеше сөздер ойлату. Ойын "Сөз ойла, тез ойла"
ІІІ Жаңа сабақ.
1. Сурет бойынша әңгімелесу
- Аулада нелер өсіп тұр?
- Гүлдер.
-Мына қыз балаға қандай ат қояр едіңдер?
- Гүлнұр
- Гүлнұрне істеп жүр?
- Гүлнұр гүлдерді суарып жүр
Бұл сөйлемдегі Гүлнұр, гүлдер деген сөздерде бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Г дыбысы
- Г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Дауыссыз
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен.
2. Кеспе әріптер қалтасынан Г, г әріп таңбасын алып таныстыру, түсіндіру. Балаларға Г дыбысы бар суреттерді үлестіріп айтқызу, буынға бөлгізу, барлық дыбыстарды текшелермен белгілету.
Мақал:
Қыз өссе - елдің көркі,
гүл өссе - жердің көркі.
Мағынасын талдау.
3. "Сауат ашу. Әліппе - дәптермен жұмыс"
Балалар Г әрпі бар бетті ашып буын сөздерді оқиды, суреттің астындағы торкөзден Г дыбысының орнын тауып, көк түспен бояйды.
Берілген өрнекті жалғастырып, Г әріпін жазады.
4. Сергіту жаттығу
5. Ребус шешу:
491109074295126301574295
25679404445-8610604445


ІV Сабақты қорыту: Ойын ""Көршілерін ата"
Мысалы: Балгер, сазгер, шеге, егін, егу.
Бал + (г)+ ер