Баяндама: Мектепке дейінгі ?йымдарыны? патриотты? т?рбиені? замануи ?дістерін ?йымдастыру Дайында?ан: мектепалды даярлы? тобыны? м??алімі Сызды?ова Б.? Т?л?аны? бойында?ы патриотты? ??ндылы?тарды ?алыптастыруды? негізгі к?зі – отбасы, ?ул


Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік негізгі мектебі
Баяндама:
Мектепке дейінгі ұйымдарының патриоттық тәрбиенің замануи әдістерін ұйымдастыру
Дайындаған: мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Б.Қ
Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық – қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері - мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады.
Балалардың бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда қойылатын негізгі талаптар айқындалды:
- балабақшадағы және топтағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық;
- топтың алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;
- Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, мазмұнының балалардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен балалардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;
- балалардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;
- балалардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, топтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;
- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары қолданған жөн жеп есептейміз .
Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын көрсету керек.
           Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін  ұйымдастыруға болады.
           Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын олардыңана тілдерін мемлекеттік рәміздерін құрметтеу . өз туған қаласының тарихы. оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін қалыптастырудан бастадым
. Балалардың патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың қайнар көзі – қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, табиғат ерекшеліктері мен табиғат ресурстары туралы түсініктері, ел экономикасының даму заңдылықтарымен қазіргі жаһандану кезеңіндегі даму деңгейі, мемлекеттік рәміздер сияқты ерекшеліктеріміздің психологиялық-педагогикалық мәнін зерттеп, өзіндік қайталанбас белгілерінің негізінде патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Соның мысалы ретінде өздеріңізкөріп отырғандай «Ер есімі ел есінде»
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» «Сайыпқыран сарбаздар «Мемлекеттік тіл − менің тілім! атты ашы қертеңгілі өткіздім. Ондағы мақсатым:.
Тәрбиеленушілердің ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу
(Өздеріңізкөріпотырғандайслайдкөрсетіліптұрады)
Осылайша болашақтың тұтқасын ұстар жасөрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкімкеледі.
Балалардыңі зденімпаз, жаңалыққа жанықұштар, қоғамдық іс – шараларда белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, отанын, туғанелін, туған жерін сүйе білуге титтейде болса өзықпалымды жасай алсам–ол менің үлкен жетістігім.
Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін.
Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәтте тоқтамайсоғады, демек олтуған жерініңауасын, табиғатынсүйеді.
Ал олжүрек–менің өмірім, меніңОтаным. ЕліміздіңӘнұранын айтуға даярланған сәттеменде ерекшесезім пайда болады.
Тіпті сөзбенайтып жеткізеде алмастаймын. Өнбойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жаскеледі.