Сюжеттік ?уаныш мысы?пен ойнап ж?р


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
28.09.2012ж
Білім беру саласы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі.Мүсіндеу
Тақырыбы:Сюжеттік «Қуаныш мысықпен ойнады»
Мақсаты:Саз балшықтан (ермексаз,қамырдан) ширату әдісін жетілдіру.
Алақан арасында конус және цилиндр тәрізді пішіндерді есу,домалақтау,созу сияқты әдіс-тәсілдерін үйрету.
Әдіс-тәсіл: Домалатудың әдісін балаға жеке көрсету арқылы көмектесу.
Қолданатын көрнекілік:ермексаз
Билингвистикалық компонент: мысық-кошка
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Ұйымдастырушы
-лық
ізденімпаздық
Рефлексивті коорекциялаушы Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Мақсаты:Балаларға үй жануарларының суретін көрсете отырып,олардың атын ататып,қалай дыбыстайтынын айтады.Оның ішінде мысыққа тоқталып,оның қалай дыбыстайтынын,немен қоректенетінін,бізге қандай пайдасы барын атату.
Тәрбиеші:
1.Мысық туралы Е.Өтетілеуовтың өлеңін оқып беру.
Мен-Мияу мысықпын,
Өзім сондай пысықпын.
Қастық ойлар дұшпанға,
Арамтамақ тышқанға,
Жолбарысша атылам.
Тісті аямай батырам.
Жарайсыңдар балалар.Олай болса бүгін біз өте момақан,ешкімге тісін батырмайтын кішкентай мысықтың баласын ермексаздан мүсіндейміз.Балаларға мысықтың суретін көрсетіп,олардың түсіне көңіл аударту.Оның жүні үлпілдек,мамықтай жұмсақ екен..Мысықтың денесі,басы,аяқтары,құлағы ,құйрығы болады.Алдымен мүсіндеу жолдарын балаларға көрсету.Жұмыс жасай алмай жатқан балаларға көмектесу.
Сергіту сәті
Пеш үстінде мысық жатыр,
Екі көзін қысып жатыр.
Тышқан қашан ұстаймын деп,
Тағаты жетпей,тосып отыр.
Балаларды ортаға жинап сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетті қортындылау.Балаларды мақтап,мадақтау.
Мысық-мияулайды.
Мысық бізге тышқаннан құтылу үшін керек.
Мысық сүт ішеді.
Ашуланса тістеп алады.
.
Құлағы тікірейіп тұрады.
Сергіту сәтін балалар қимылмен жасады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: үй жануары мысықтың тіршілігімен дене бітімі туралы танымы кеңейтілді
Нені игерді:мүсіндеудің әдіс-тәсілдері: есу,домалақтау,созуды
Нені үйренді: Саз балшықтан (ермексаз,қамырдан) ширату әдісі арқылы мысықты мүсіндеп үйренді.