«Е?бек б?рін же?бек» ?зін-?зі тану п?нінен интеграциялан?ан саба?


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған
әдебиеттік оқу сабағының жоспары
Мектеп: «№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ
Мерзімі: 03. 02. 2016жыл.
Мұғалімдер: Рамазанова Гульназий Наймангазыновна, Ахтанова Жадыра Жумагалиевна
Сынып: 2 «Б»
Оқушы саны: 24
Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Адалдық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, қамқорлық ;
Сабақтың мақсаты: Адам өмірінде «Еңбек» құндылығының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Мақсат:«Еңбектің наны тәтті» сөзінің мағынасын ұғу.
Күтілетін нәтиже: Еңбектің адам өміріндегі маңызын ұғады.
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Оқушылардың еңбек етуге, өнерге сүйіспеншіліктерін арттыру;
Оқушыларды өнерпаздыққа, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу; 
Ресурстар: Музыка, Мукажанова Р.А, Омарова Г.А.«Самопознание» и другие учебные предметы: возможности интеграции содержания и методов обучения».Учебно – методическое пособие для учителей./-Алматы:ННПООЦ «Бобек»,2013.-96с,
оқу-құралдар, слайд. А3,
Сабақтың барысы:
Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
- Сендердің көңіл-күйілеріңнің жақсы екенін байқап тұрмын.
Сынып оқушыларын түгендеу.
Сыныпты нақыл сөзге байланысты 4 топқа бөлу. «Еңбегім-дәулетім, беделім-сәулетім»
«5Т» Ережесін білеміз.
Тәртіп
Тазалық
Талап
Тыныштық
Татулық
2.Тыныштық сәті. «Орманға саяхат »
Жайлы баяу музыка қойылады.
Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық, қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық). Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық. Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Табиғат-анаға «Рахмет!» деп айтайық.
Сендерге «тыныштық сәті» ұнады ма?
Қандай сезімде болдыңдар? Ескерту
(3мин)
(3 мин)
Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Үй тапсырмасы
1. «Еңбек» туралы мақал-мәтелдерді жаттап келу тапсырылған. 2. Дарынды оқушы Жаннұрға «Менің еңбегім» туралы іздену жұмысы және Асланға «Мен еңбекті сүйемін» атты дәлелдейтін мағлұмат жинап келу (видео).
Еңбектің түрлері және адамдар еңбектену арқылы неге қол жеткізетіндіктері жайлы оқушылармен бірге сұрақ-жауапты әңгіме өткізу. Сұрақ - жауап:
«Еңбек», «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Дәйексөз.
«Еңбек - қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап»
Абай Құнанбайұлы
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Бүгінгі оқып үйренетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:
«Еңбек бәрін жеңбек»
Автор туралы мәлімет: М.Төрежанов. «Пікір ағашы»
Бейнежазба: «Жазғы еңбек»
-Жылдың қай мезгілі?
-Адамдар не істеп жүр?
-Осы бейнежазба туралы мақалдап айта аласыңдар ма?
-Осы бейнежазба мен қазір оқып танысатын мәтіннің арасында қандай байланыс бар екенін ойлап отырындар.
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс: «Ермектің еңбегі»
-Мәнерлеп оқып танысу.
Мәтінді талдау. «Төрт сұрақ әдісі»
-Қашан? Қайда? Қалай? Қандай?(Постерға түсіру)
«Ыстық орындық» сұрақ –жауап.
Бағалау: «Бағдаршам арқылы»
Бейнежазба көрсету.
«Ала қоңыз бен құмырысқа».
Сұрақтар:
Бейнежазбадағы кейіпкерлер туралы не айта аласындар?(достардың қамқорлық, аяушылық көрсетуі)
Құмырсқалардың бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар? (мейірімділік пен сүйіспеншілікпен күтіп, қарағандары).
Егер қоңыз сенің досың болса не деп ақыл айтар едіңдер? (досыңа)
Кейіпкерлердің қайсысынан үлгі алар едің?
  Топтық жұмыс. Постер жасайды және оны қорғайды. І - топ «Еңбектің наны тәтті».
ІІ - топ «Қыстың қамын жаз ойла».
ІІІ – топ «Еріншек пен еңбекқор» мінездеме.
ІҮ - топ «Еңбектің жемісі дегеніміз не?».
Постерлерін бағалау:Критерилері бойынша бағалау.
Топтық ән. «Болайықшы осындай »
Үй тапсырмасы:
-Жылдың төрт мезгіліне байланысты еңбек түрлері туралы әңгіме құрап келу.(4 топқа).Өзін-өзі тану дәптерінде берілген тапсырманы орындау.
Сабақтың қорытынды сәті.
Аңызды әңгімелеу:«Әке мен бала» Ы.Алтынсариннің әңгімесі.
Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтады:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жей бастады. Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.
Сұрақ – жауап:
Әңгіменің негізгі түйіні қандай деп ойлайсыңдар?
Әкесі баласына қандай өсиет айтады?
Аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен құр қаласың - дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің сабақты түйіндеу сөзі.
Балалар, бүгінгі сабақта не түсіндіндер?
не білдіңдер?
өздеріне не алдыңдар?
Сабақты қорытындылау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Мұғалімнің түйінді сөзі: не себепті Ермекке тағам тәтті болғанын түсіндік пе?
Мұғалімнің бағалауы.
Адамның қолынан бәрі келеді. Адам еңбектің дәмін өзі тер төгіп, еңбектенгенде ғана түсінеді, яғни өзін -өзі тәрбиелейді. Еңбектенсең еңбегің еш кетпейді. Басқалардың еңбегің бағалаңдар,балалар.
Оқушыларды бағалау.
«Өзім мен өзім» тыныштық. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, өсімдіктерге, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Рахмет! (7 мин)
(2 мин)
(2 мин)
(3мин)
(5 мин)
(4 мин)
(1мин)
(3мин)
(5мин)
(2мин)
(3мин)
(2мин)



«№45 бейімделген орта мектебі»КММ

Тақырып: «Еңбек бәрін жеңбек»
Ашық сабақ
Мұғалім: Ахтанова Ж.Ж.
Өзін-өзі тану мұғалімі
Өскемен-2016