Сызы?ты? функциялар графиктеріні? ?зара орналасуы ж?не екі айнымалысы бар сызы?ты? те?деулер мен оны? графигі та?ырыптарын ?айталау


Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар
графиктерінің өзара орналасуы және екі
айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен оның
графигі тақырыптарын қайталау
Күні: 11мамыр2- ші сабақУақыты 9:20-10:05
Сынып: 6 «Ә»
Басқару жоспары Жоспардың мазмұны
Мен сыныппен қалай амандасамын?
Олар бөлмеге кірген кезде есік алдында сыныппен амандасамын.
Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?
Жұмыс істеу атмосферасын қалыптастыру үшін,психологиялық тренинг өткіземін.
Сұрақтарды қойып, оқушылардан жауап ала отырып, алдыңғы тақырыпты қайталаймын.Осы жерде диалогті әдісті қолданамын.
Мен оқушыларды топқа қалай бөлемін?
Түрлі-түсті қағаз таратып (сары түс,қызыл түс ) оқушылар өздері қалаған түсті алады.
Қызыл түстілер-1топ, сары түстілер-2топ.
Оқушылар арасынан әр топтың көшбасшысын таңдап алдым.
«Аса жақсы емес» оқушылармен не істеуге болады?
Аса жақсы емес оқушыларға жеңіл тапсырмалар орындатамын. Мақсаттары
Аталған тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау,бір жүйеге келтіру,математика тілінде сөйлеу,графиктер салуды,олардың орналасуын анықтау дағдыларын қалыптастыру
Оқушылар нені біледі?
Сызықтық функцияның теңдеуін жаза біледі,графигін салуды біледі,олардың орналасуын анықтай алады.
Сыныпта барлығы үшін мақсат бірдей бола ма?
Сыныпта бәріне бірдей осы тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Сабақ соңында оқушылар нені біледі және нені жасай алады?
Берілген тапсырмаларды өздері орындап, оны өздері тексереді.
Мен оқушыларды қалай бағалай аламын?
Бағалау парағы бойынша көшбасшы формативті баға қояды,ал мен өзім суммативті баға қоямын.
Мен сабақ сәтті өтті ме екендігін қалай білемін?
Оқушылардың көңіл күйіне және тапсырмаларды орындау барысында, сабақтың соңында стиктерге өз ойларын жазғанда және бақылаушылардың қойған бағасына қарай білемін.
Мен оқуы қиын оқушыларды қалай оқытамын?
Тапсырманы жеңілдетіп беремін. Тақтамен жазу жұмыстарына жиі шығарамын.
Сыныпта тапсырманы барлығынан тез орындайтын балармен не істеймін?
Тапсырмаларды топпен орындағасын, бәрі бірігіп орындап отырды(пікір алмасып). Осы тақырыппен қандай тұжырымдамалық қиындықтар болады?
Оқушылар оқуда белсенді қатысып жатқандығына қалай көз жеткіземін?
Топтық жұмыста әр баланың іс әрекетіне қарап және беріп жатқан жауаптарына қарап, өз ойымды түйіндеймін.
Менің мақсаттарым:
Осы сабақтағы тапсырмаларды түсініп орындау,шығармашылықпен жұмыс істеу,өз жетістіктерін бағалай білу. Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?
Рационал сандар туралы не білетінін еске түсіру.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара
орналасуы және екі айнымалысы бар сызықтық
теңдеулер мен оның графигі тақырыптарын қайталау
Күні: 11 мамыр №2 сабақ Уақыты 9.20 – 10:05
Сынып 6 «Ә»
Уақыт:
Мұғалімнің қызметі: Мен не істеймін Оқушылардың жұмысы; оқушылар не істейді? Ресурстар: Кітаптар, жабдық, АКТ және т.б.
5мин
9.20-9:25
5мин
9:25-9:30
5мин
9:30-9:35
10мин
9:35-9:45
7мин
9:45-9:52
6мин
9:52-9:58
2мин
9:58-10:00
2мин
10:00-10:02
3мин
10:02-10:05
Психологиялық тренинг өткіздім.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.Топ ережесін еске түсіру.
Сабақтың критерийлерімен таныстырамын. Сыныпты 2-топқа бөлемін
1-тапсырма «Теориялық» Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады.
2тапсырма«Есептеу»карточкалар
таратамын.
3-тапсырма«Графиктік».Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салуға плакат,маркерлер тараттым.
4-тапсырма «Тапқырлар».Сыни тұрғыдан ойлауға тапсырма беремін.
5-тапсырма «Ізденушілер».Интерактивті тақтада график беріледі.
Үй жұмысын беремін
Бағалаймын:
Мадақтау сөздермен ынталандырамын.
Бағалаушылардың берген суммативті бағасынан, формативті баға қоямын.
Оқушыларға стиктер таратамын.
Оқушылар тақтадан күнді және тақырыпты жазып алады.
Түрлі-түсті қағаз таратып (сары түс,қызыл түс ) оқушылар өздері қалаған түсті алады.
Оқушылар кезекпен сұрақтарға жауап береді.
Карточкалардағы есептерді өзіндік орындап, бір-бірін тексереді.
Тапсырманы плакатқа орындап,тақтаға шығып қорғайды.
Тапсырмаларға дайындалып,өз ойларын айтады
Суретте берілген графиктің формуласын топта ақылдасып,тауып,тақтаға жазады.
Келесі сабаққа рационал сандар туралы білетіндерін қайталап келу.
Әр топтың бағалаушысы өз бағасын қойып, маған тапсырады.
Бағалаушылардың берген суммативті бағасынан, формативті баға
Өз ойларын жазады.
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Не ұнады? Қандай қиындықтар туындады?Деген сұрақтарға жауап жазады.
дәптер
Интерактивті тақта
Дәптер
Плакат,маркер
Дәптер, интерактивті тақта, бор
АКТ
Бағалау парақтары
Стиктер, маркерлер
Сабақты талдау
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен оның графигі тақырыптарын қайталау
Мақсаты:Екі айнымалысы бар сызықтық функцияның графиктерінің орналасуын анықтай білу және графигін сала білу.
Міндетім:1. Аталған тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтау,
бір жүйеге келтіру
2.Математика тілінде сөйлеу,графиктер салуды,олардың орналасуын
анықтау дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқушылардың белсенділігін арттыру,өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау
Әдіс-тәсілдер:Сыни тұрғыдан ойлану,диалогтік оқыту,
Көрне-құралдар:плакат, маркерлер, интерактивті тақта
Мен сабақты психологиялық дайындықтан бастадым.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сыныпты екі топқа бөлдім.Оқушылар түрлі-түсті гүлдердің арасынан өздеріне ұнаған түсті таңдап алды.Осы сабақты өткізу барысында оқып үйренген модульдердің ішінен диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлану, ақпараттық-коммуникациялық технология, бағалауды қолдандым.Диалогтік оқыту модулін теориялық тапсырманы берген кезде қолдандым,оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп отырды.Карточка лардағы есептерді шығарып,бір-бірін тексерген оқушыларға ұнады.Басында жақсы оқитын оқушылар барлығын өздері ғана орындаса,кейін топ ережесін естеріне салып отырғандықтан, топпен бірігіп жұмыс жасады,нашар оқитындарға көмек көрсетіп отырды.Сыни тұрғысынан ойлану модулін пайдалануға берілген тапсырмаларды оқушылар плакатқа орындап, тақтаға шығып қорғады.Бірінші сабақтарға қарағанда балалардың ойлауы, сөйлеуі толық сөйлемдер болды.Мен ойлаймын,келешекте оқушыларға уақыт жеткілікті болады және олар өз ойларын ашық айтуға үйреніп алады. Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша интерактивті тақтаны пайдаландым. Оқушылар интерактивті тақтада берілген графиктің формуласын топта ақылдасып тауып, тақтада жазды.Бағалау бойынша әр топ басшысы бағалау парақтарына формативті бағалады, ал қорытынды бағаны, яғни суммативті бағаны, өзім қойдым.Кері байланыс жасау оқушыларға өте ұнады,әсіресе стикерлерге өз ойларын жазып тақтаға жапсыру.
Не сәтті өтті? Жақсы оқитын оқушылар жұмысқа тез араласып кетті.
Диалог арқылы өткенді қайталау сәтті өтті деп айтуға болады,өйткені оқушылар сұрақтарға жаңылмай тез жауап беріп отырды.Бір-бірінің есептерін тексеру ұнады.
Не ойдағыдай болған жоқ?
Сабақтың басында сыныпты топтарға бөлген кезде жақсы оқитындар билікті өз қолдарына алып,басқаларына жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Топ ережесін жиі естеріне салып отырғаннан кейін ережеге сай тәртіп орнатылды.Кейбір оқушылар сабаққа араласа алмай отырды.Мен бақылауға алған Аслан атты оқушы басқалардан шектеліп,сабаққа анда-санда ғана араласып отырды. Өзіндік жұмысты орындау кезінде берілген уақыттан көп уақыт жұмсалды..Бағалау кезінде кейбір оқушылар әділ бағаланбады.Бағалаушыларға келесі сабақтарда критерийлерді ұстанулары жөнінде ескерттім.
Жалпы оқушыларға осындай сабақ түрі ұнайды,сабаққа деген қызығушылықтарының артқаны байқалады.

3504565532130
-101600162560
147383534925
3111500436880-1407795439420