?МЖ Функция. Функцияны? берілу т?сілдері. 10-сынып


Сыныбы: __10 сынып ___________ Пәні: __алгебра_______ Мерзімі:_______
Сабақ тақырыбы: Функция. Функцияның берілу тәсілдері.
Сабақ мақсаты: Функцияға анықтама беру;
Функцияның кестемен, формуламен, графикпен берілу тәсілдерін меңгеру.
Табыс критерийлері: функцияның анықтамасымен танысады;
функцияның кестемен, формуламен, графикпен берілу тәсілдерін меңгереді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Уақыт Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Керекті жабдықтар
5 мин
Кері байланыс
Функция деген не?
Функцияның анықталу облысы деп нені айтады?
Функцияның мәндерінің жиыны деп нені айтады?
Функцияның берілуінің қандай тәсілдерін білеміз?
y=ах+в, y=ax2 , y=ax3 функцияларының графигі не? 6 сынып материалдары бойынша қайталау сұрақтарына жауап береді;
«Өз мысалы»:
5-ші сұраққа жауап ретінде кез келген үш функцияның графигін салады
y=x2 графигінің шаблоны
тор көз парақтар
сызғыш
карандаш
2 мин Топқа бөлу Таратылған кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді Кеспе қағаздар
10 мин
«Мозайка» тәсілі бойынша:
3 топ 3 оқушыдан бөлінеді;
Өз сұрақтарына сәйкес сарапшы топ болып қайта топталады;
Тапсырмалар орындалған соң бастапқы топ қайта құрылады;
Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі.
І тапсырма: Функцияны формула арқылы беру тәсілі
ІІ тапсырма: Функцияны кесте арқылы беру тәсілі
ІІІ тапсырма: Функцияны график арқылы беру тәсілі І топ мүшелері:
Функцияны формула арқылы беру тәсілін түсіндіреді;
Берілген аргументтің мәндеріне сәйкес функцияның мәндерін табуды көрсетеді.
ІІ топ мүшелері :
Функцияны кесте арқылы беру тәсілін түсіндіреді;
Кестемен берілген функцияны формула арқылы жазады
ІІІ топ мүшелер:
Функцияны график арқылы беру тәсілін түсіндіреді;
Берілген график бойынша функцияның анықталу облысын, мәндерінің жиынын, функцияның нөлдерін, өсетін және кемитін сан аралықтарын табады
График кестелер салынатын плакаттар мен маркерлер
15 мин
Тапсырма:
және берілген,
салыстырыңдар: және
2. Кесте бойынша берілген функцияны формуламен жазыңдар.
Кестедегі у-тің мәндерін тауып, бос орындарды толтырыңдар.
х 1 2 3 4 5 6 7 8 9
у 1 4 16 36 3. Мына түзу графигі болатын функцияны формуламен жазыңдар

І тапсырма: формуламен берілген функцияның аргументтер мәні бойынша мәндерін табады;
ІІ тапсырма:
Кестені оқиды және заңдылықты анықтап формуламен береді;
ІІ тапсырма:
Графикті оқиды және графигі болатын функцияның формуласын береді.
Жұмыс дәптері
Сызғыш
карандаш
10 мин
№6; №7 №9 есептер шығарылады. Жұптық жұмыс және топтық тексеру Оқулық
3 мин
Үйге тапсырма : №5, №13
Не сәтті өтті? Не сәтсіз болды? Нені дамыта алар едім? Оқу ісі орынбасары:__________________________________