Африканы? жер бедері ж?не пайдалы ?азбалары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Тақырыбы Африканың жер бедері және пайдалы қазбалары.
Сыныбы 7 «г»
Күні 2.11.2013
Мақсаты Африканың жер бедері мен пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білімін қалыптастыру.
Міндеттері жұмыс түрлерімен таныстыру;
жер бедерінің даму тарихы негізінде білімін жетілдіру;
пайдалы қазбалардың жер бетіндегі орналасу заңдылықтарын таныстыстыра отырып, оның маңызын тани білуге жетелеу.
Күтілетін нәтиже Жер бедерінің түрлері туралы мағлұматтарды игереді, пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары туралы өз ойларын еркін айтады, өз ойларын дәлелдей алады. Салыстырып, сипаттай алады.
Ресурстар Оқулық: Бейсенова Ә. т.б. География. Материктер мен мұхиттар, 7 сынып, Алматы: Атамұра, 2012.Атлас, кескін карта, жұмыс дәптер, флипчарт, маркер, түрлі түсті бояу, таратпа материалдар, плакат.
Кіріспе Мозайкалық әдіс бойынша топтарға бөліну. 2 мин

Үй тапырмасы
7мин Әр топ өздеріне жеребе бойынша түскен зерттеушілердің жолдарын картадан көрсетіп еңбектері туралы баяндайды. /Васка да Гама, Д.Ливингстон, Генри Стэнли ,В.В Юнкер, Н.И.Вавилов, Әбу ибн Баттута/
Тұсаукесер
білу
түсіну «Миға шабуыл». 3мин
Топ мүшелеріне тақырып бойынша жалпы сұрақтар қойылады тез жауап берген топқа тарту етіледі, сұраққа толық жауап берген топ мүшесі сол топтың көшбасшысы болып сайланады.
Дүниежүзінде неше ірі плита бар?
Жер бедері дегеніміз не?
Платформа дегеніміз не?
Геосинклиналь дегеніміз не?
Тау жыныстары нешеге бөлінеді?
Атласпен жұмыс. 3 мин
Әр топқа берілген сөздердің бас әріптерінен, 2 минут ішінде сөздер құрастыру,
А Т Ш А Ү К Т А Қ Т Қ Д Қ А Т
атлас тауы шығыс африка үстірті кап тауы ахаггар қыра-
ты тибес-
ти қыра-
ты дарфур қыраты айда-
һар тауы
Негізгі бөлім
қолдану
талдау
Кескін картамен жұмыс 5мин /жеке жұмыс/
Кескін картаға жер бедерінің ірі формаларын түсіріп,таулар мен үстірт, қыраттардың, вулкандардың биік нүктелерін белгілеу.

Сәйкестендіру. 5мин /топтық жұмыс/
Африкада кездесетін пайдалы қазба түрлерін тау жыныстарымен сәйкестендіру.
магмалық шөгінді метоморфты
темір мұнай мәрмәр

6294120304165«Серпілген сауал». 5мин / жұптық жұмыс/
Мәтін бойынша материалдың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды үлестіремін.
Мәтін бойынша сұрақтар тізбегі:
Африканың жер бедері жайлы не ойлайсың?
5179695456565Африкада кездесетін пайдалы қазбалар түрлері сен тұрған жерде бар ма?
Африкада қандай вулкандар бар?
Ежелгі таулар қай бөлігінде орналасқан?
Атлас тауы қай геосинклинальдық белдеуде жатыр.
Сергіту сәті Көршінің суреті: 2мин Оқушылар дәптерлерін төбесіне қойып, өзінің жанындағы сыныптасының суретін салып, сурет салған парақтарға өз қолын қойып, бір-біріне тарту етеді.
Қорытынды бөлім
Жинақтау
«Ойлан, жұптас, талқыла» 7мин /топтық жұмыс/
1 топ – сөзжұмбақ құрастыру./жер бедері бойынша/
2 топ – ребус құрастыру. /пайдалы қазба бойынша/
3 топ – Эссе. Пайдалы қазбаларды қорғау.
4 топ- пайдалы қазбалардың шартты белгілерін бейнелеу / материкте кездесетін/
5 топ-материктің жер бедерін бейнелеу
Әр топ тапсырмаларын постерге бейнелеп қорғайды.
Өзін –өзі бағалау, көшбасшының бағалауы, мұғалімнің бағалауы. 3мин
Бағалау парағы
№ Топтағы оқушының аты- жөні: Оқушының өз бағасы Топ жетекшісінің бағасы Мұғалімнің бағасы
1 Нұртаза Шерхан 4 5 4
Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек» 1 мин
Үйге тапсырма
2 мин § 45 оқу, кескін картаға пайдалы қазбаларды түсіру, жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау
14 бет.

«Келісемін»: ________ «Бекітемін»: _______
Директордың оқу ісінің орынбасары: Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей
М. Ы. Жумабекова директоры: Н. А. Жумажанова



Қарағанды облысы Жезқазған қаласы
Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі
Жаукумова Айжан Ракишевнаның
География. Материктер мен мұхиттар 7 «г» сыныбына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспары
2013-2014 оқу жылы