Африканы? жер бедері мен пайдалы ?азбалары та?ырыбында саба? жоспары


география 7сынып 2 сабақ
Сабақтың тақырыбы Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты Оқушылар Африка материгінің жер бедерін,тектоникалық құрылымдарын оқып үйренеді.
Жұмыс нәтижесі 1.Африка материгінің жер бедерінің өзіндік ерекшеліктерін біледі;
Африкада кездесетін пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіру арқылы есте сақтайды;
сілтеме география оқулығы
оқулық  авторлары: .2013 жыл
Әдістер мен тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; дарынды балаларды оқыту, топтағы бірлескен жұмыс.
Дерек көздері Мұғалімге арналған нұсқаулық,АКТ, электрондық оқулық, дидактикалық таратпа материалдар, интербелсенді тақта.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау
кіріспе Сынып оқушыларымен амандасу.Сыныпты пайдалы қазбалардың шартты белгілері арқылы топтастыру.
Мұнай,көмір,алтын,темір
Үй тапсырмасын «Лездеме» әдісі арқылы сұрау Оқушылар берілген суреттер арқылы топтасады.Конвертте «Мадагаскар», «Әл!зизия», Африка пілі», «Қызыл теңіз» сөздері жасырылған,бір оқушы шығып,үй тапсырмасы бойынша сол сөзді жасырады.Қалған оқушылар сол сөздің жауабын табады.Оқушылар әрбір тұрақтардан кейін «Баспармақ» әдісі арқылы бағасын береді. Бағалау парағы
Тұсаукесер Интербелсенді тақтаға бірнеше сөздер топтамасы ұсынылады.Мадагаскар аралы,Килиманжаро,Атлас тауы,Айдаһар тауы.Жаңа сабақ тақырыбын ашуда белсенді қатысып отырған әрбір оқушыны мадақтап,ынталандыру. Оқушылар сөз тапсырмаларынан жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Бағалау парағы
Негізгі бөлім Оқушыларға мәтінді бөліп беру.
Картамен жұмыс беру.
Маршруттық карта бойынша тапсырмалар орындау. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашқан соң, «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісімен топта талқылайды.Мәтінді оқи отырып,әр топ бір біріне қиылыс сұрақтарын қояды.Интернет жүйелерінен қызықты мәлімет те алады.Маршруттық карта бойынша жұмыстан бірнеше оқушының жұмысы оқылады.Қалған оқушылар «Бағалау сэндвичі» арқылы бағалайды. Бағалау парағы
қорытынды Сабақты аяқтау үшін «Бұл мәлімет шындық па,жалған ба?» әдісін қолдану. Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» әдісі арқылы қорытындылайды. Бағалау парағы
Рефлексия Бүгінгі сабақта не есіңде қалды?
Бүгінгі сабақтан не түйдің?
Бүгінгі сабақтағы қиындығың?
Қиындығыңды қандай жолмен шештің?
Оқушылар сабақ соңында «Рефлекция парағын» толтырады. Оқыту үшін бағалау
Үйге тапсырма Оқулықтан § 47 оқу. Тапсырманы күнделіктеріне жазып алды