Та?ырыбы: Ата-ана? алтын т??ыры?


«Өзін-өзі тану» пәні сабақ жоспары
Мектеп: №2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзімі:
№ 19
Тақырып: «Ата-анаң- алтын тұғырың»
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: аянбай қызмет ету, ізгілік, жақсы көру, аялау.
Мұғалім: Абузара Г.С.
Сынып: 11 Оқушы саны: 5
Сабақтың мақсаты:   оқушыларға ата-аналармен қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыруМіндеттері:• оқушылар өз ата-аналарына аянбай қызмет ету қасиеттерін өміріндегі мәнін түсіндіру;• оқушыларды «ізгілікке», «жақсы көре білуге» баулу;• оқушыларды ата - анасын аялап сүюге тәрбиелеу. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену
Оқушыларды түгендеу
Оқу құралдарын қадағалау.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Талдау.
1) Тыныштық сәтті кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?
2) Қандай сезім пайда болды?
3) Нені елестете алдыңыз? Сабақ барысын
талдау:
ДәйексөзАта-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 
Халық даналығы (Ұлдар 1 рет, Қыздар 1 рет, ұлдар мен қыздар барлығы бірге қайталайды.)
Мұғалімнің сыйыАна жүрегіОл өте дарынды, ақылды әрі зейінді бала болды, мұны байқаған ата-анасы ұлына бар махаббат пен қамқорлықтарын салды. Оған жоғарғы білім мен тәрбие беріп, оның болашағына, ұлы тұлға болуына үлкен үміт артты, онымен мақтан етуді армандады.
 Ұзақ жылдар бойы ерен еңбек еткен бала әйгілі ғалым болды, ал оның көкейінде алып ұшар арман өмір сүрді. Ол тың, өте жаңа нәрсе жасап, күллі әлемді таң қалдырғысы келді. Күш-жігері мен уақытын аямай ол таңғажайып, ғаламат жаңалықты іздеу жолына түсті.
 Сансыз тәжірибелер мен зерттеулерден кейін ол мүлтіксіз материяны жасауға жақындады, аяулы арманына жетуге тек бір ғана қадам қалды, ол – ұлы жүректегі ұлы махаббатты құрбандыққа шалу. 
 Шарасыз болған бала өз ата-анасына келіп, сондай жүректі табуға көмектесулерін сұрады. Ана жүрегінен құдіреті асқан не бар? Біраз кідіріп, ойланғаннан соң асыл ана жолдасына келіп: «Біз ұлымыздың жолында қаншама тер төгіп, күш жұмсадық, енді оның әлемді дүрліктірген ғалым болуына бір ғана қадам қалды, менің жүрегімді ұлымызға бер», -деді.
 Бұл әңгіме қысқа ма, ұзақ па созылды, әйтеуір әңгіменің соңында анасы ұлының танымалдығын өзінен артық қалаған ұлдың әкесін көндіре алды. Сөйтіп, әкесі ана жүрегін ұлына табыстады. Бозбала ұзақ ойланбады, себебі оның қол тумасы ойының барлығын жаулап алды.Ол үшін өз мақсатының орындалуы аса маңызды болды. Осылайша, құрбандыққа шалынған ана жүрегі материя жасау үрдісін аяқтады.
 Орындалды! Ол тума талант, асқан шебер, әлемді өз жаңалығымен таң қалдырды. Адамдарға әлемді жаулап алу үшін, оны меңгеру үшін жаңа мүмкіндіктер беретін ғажайып материя сыйлады. Иә, ол танымал болды, оның жаңалығы адамзатты дүр сілкіндірді, және барлығы керемет боп көрінді. 
 Бірақ адамдардың бойындаға ашкөздік, қызғаншақтық пен өшпенділік жаңалықты басқа арнаға бұрды. Бозбала да, берілген еріктен басы айналып өзінің пайдакүнемдігінің жетегінде кетті. Ол жаңа серіктестерімен бірге әлемдегі бар тірі ағзаны жойып, тек материалдық байлықты қалдыратын қуатты қару жасады. Ол шексіз бақытты болды, өзін құдіретті әрі мықты болып сезінді, ал оның жанындағы адамдар оған кішкентай жәндіктердей көрінді. Көптен күткен сәт келді. 
Қарудың іске қосылуына бірер секундтар қалғанда ол әлемді жалмайтын жарақтың ортасында тулап соққан анасының жүрегін анық көрді. Дәл сол сәтте бозбала осы жарылыспен өз анасының жүрегін де жарып жіберетіндігін түсінді. Алғашқы рет оның қатыгез, өзімшіл жүрегіне балалық махаббат жылуы енді. Бәлкім, сол мезетте ол жасалған іске өкінген болар, бірақ уақытты кері қайтару мүмкін емес. Секундтарды санап өтуде. Қазір барлық тірі жан ажал алдында дүр сілкінетіндей көрінді. Бірақ ештеңе болмады. Жарылыс болмады. Тек екі жүрек соғуын тоқтатты: ана жүрегі мен бала жүрегі. Әлемдегі өмір үшін тоқтаған ананың жүрегі бір кездері ұлы махаббатпен сыйға тартылған бала жүрегін де тоқтатты.
СұрақтарӘңгіме кім туралы ?Әңгіменің негізгі ойы қандай?
Баласының істеген ісі дұрыс па?
Ойлаған армандарыңның орындалған кездері болды ма? 2.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (баяу музыка қою)
«Менің ата-анам» хат жазу.
(Жазып болғаннан кейін өз шығармашылық жұмыстарын бірнеше оқушы оқып береді.) Топпен ән айту.
Әке-ана
Сөзі: Әбдіжаппар Әлқожа.
Жанашырым ана дара шыным ана
Бар асылым ана шуағымсың
Бағбанымсың әке зұр бағымсың әке
Қорғанымсың әке шырағымсың
 Ана аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана мен сені Меккеге апарамын
Ана баланың қолдаған бақ талабын 
Бұлағымсың
Әке бір жылы сөзіңе шаттананым
Әке мен сені Меккеге апарамын
Әке биекке самғатып баптағаның
Шынарымсың әке
 Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген ай күнімсің
Қамқорларым дана сүйенішім дара
Әке мене ана байлығымсың Ана аяулым өзіңмен мақтанамынАна мен сені Меккеге апарамынАна баланың қолдаған бақ талабын 
БұлағымсыңӘке бір жылы сөзіңе шаттананымӘке мен сені Меккеге апарамынӘке биекке самғатып баптағаныңШынарымсың әкеҮй тапсырмасы.
«Менің ата-анам» тақырыбына фото коллаж. Соңғы тыныштық сәті.(Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып, бүгінгі сабақтағы айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік. Көздеріңізді ашуға болады.)
Рахмет.