?ауіпсіздік ережесі. Дене шыны?тыру дегеніміз не? 1 сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Тақырыбы:қауіпсіздік ережесі. Дене шынықтыру дегеніміз не?
Сабақ:1 Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1.3.4.4.Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:.
Шашырап жүру. Бір орында үйіріле айналып секіру. Ұжымдық жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Кеңістікте қозғалудың әртүрлі тәсілдерін табу. Орындалуы тиіс негізгі нұсқаулықтарды орындау.
Көпшілігі орындай алады:
Залда қауіпсіздік техникасын сақтау. Заттардан аттап өту кезінде тепе-теңдікті сақтап, денесін дұрыс ұстау. Допты алға-жоғары лақтырып, қос қолдап ұстап алу. Даңғыра дабылы немесе музыка ырғағымен сап түзіп жүру.
Кейбір оқушылар орындай алады:. Биіктетілген тіректе статикалық тепе-теңдікті сақтау. Тәжірибесіне сүйеніп, бұрын үйренгенімен және істегендерімен салыстырып, жаттығулардың орындалуын қадағалау.
Тілдік мақсат: Оқушылар спортзалдағы мінез-құлық ережелерімен және спорттық мүлікпен танысып, жаттығуларды орындаған кезде тәуекелдерді анықтай алады.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: спорттық мүлік, қауіпсіздік техникасы, «шашырап» жүру, секіру
Талқылауға арналған сұрақтар:
Спортзалдағы мінез-құлық ережелері не үшін керек?
Сендерге ең қатты ұнаған спорттық мүлік?
Доппен тағы қандай әрекеттер жасауға болады?
«Қуыспақ» ойынында қандай қозғалыс-тірек дағдыларын пайдаландыңдар?
Неге екенін айта аласыңдар ма?
Неліктен дене шынықтырумен айналысқан маңызды екенін айта аласыңдар ма?
Неліктен көз жұмып, «шашырап» жүрген кезде сақ болу керек?
Неліктен допты алға-жоғары лақтыру және доппен қимыл жасау кезінде айтарлықтай арақашықтық сақтау қажет?
Алдыңғы оқу Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі: Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
0-3 минут
4-6 минут «Спорт жұмбақтары» ойын жаттығуы, «Спортзалдағы мінез-құлық ережелері» тұсаукесері.
«Шашырап» жүрісі.
Оқушыларға музыка ырғағымен зал кеңістігінде бір-біріне соқтығыспай жүруді, ал музыка біткен кезде сапта өз орнын жылдам табуды ұсынады. Өз орнын барлығынан жылдамырақ тапқан, өз орнын табуға қиналған оқушыларға назар аудартады.
Кең, бос кеңістік. Таныстыруға арналған спорттық мүлік. Дабыл. «Баста-тоқта» белгісі ретінде пайдалануға арналған ысқырық.
7-15 минут
16-24
25-30 Үшеуден қайта сап құру.
Құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Жаттығулардың орындалуын көрсету.
Бір орында үйіріле айналып, екі аяқтап секіру
Бір орында адымдап жүрумен кезектестіріп 2-3 рет орындау. Бір орында адымдаған кезде тізе 900 бұрышпен көтеріледі, аяққа қарсы қол кеуде деңгейіне көтеріледі, аттас қол шынтақ тірелгенге дейін артқа қарай түзетіледі, арқа түзу.
Секірген кезде оқушылардың тізелерін сәл бүгіп, аяқ ұшымен түсу білігіне назар аударады.
Допты жоғары лақтырып, қос қолдап ұстап алу.
Нұсқау: допты дене алдында ұстап, алға-жоғары лақтыру, саусақтармен ұстап алу және денеге қыспау қажет.
Оқушыларға мінез-құлық мәдениеті туралы ескертеді. Домалап кеткен допты лақтырмай, оқушының қолына беру қажет.
Тепе-теңдік-толтырылған доптардан аттап жүру.
Нұсқау: дене түзу ұсталады, қолдар белде, жамбас 900 бұрышпен көтеріледі, аяқ ұшы төмен тартылады.
«Қуыспақ» қозғалыс ойыны.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, санамақ арқылы ұстайтын баланы таңдайды. Белгі бойынша еден деңгейінен жоғары зат(орындық) үстіне жылдам шығып тұруға тырысады. Ұстайтын бала қалып қойған балаларды ұстап алады. Ұжымдық ойын кезінде қауіпсіздік ережесін еске салады.
31-35
Қауіпсіздік ережелері
-егер мен айтқан пайымдау дұрыс болса, алақан соғып, шапалақтаңдар, егер айтқаным қате болса, аяқтарыңмен еден соққылаңдар.
1. сабақ кезінде өз денсаулығыңа қадағалау қажет.
2. мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындау қажет.
3. Дш сабағында кәмпит жеуге, сағыз шайнауға, ауызды қатты сылпылдатуға болады.
4. Сапта және жаттығу орындаған кезде арақашықтық сақтау керек.
5. Айғайлауға, төбелесуге болады.
6. Аяқ киім бауын саптан тыс байлау қажет. Қосымша мәліметтер
Саралау:сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсіз?
Бір орнынан қозғалмай, допты 20 реттен астам лақтырып, ұстап алу.
Бағалау: -балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Негізгі жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың сіздің нұсқауларыңызды дәл орындауын бағалау.
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану