ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ТАРЫНДА СПОРТ ОЙЫНДАРЫН ОЙНАТУДЫ? НЕГІЗГІ ?ДІСТЕРІ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіШығыс Қазақстан облыстық әкімдігі
Семейдің ҚКМК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Әдістемелік баяндамаТақырыбы: «дене тәрбиесі сабақтарында СПОРТ ОЙЫНДАРЫН ойнатудың негізгі әдістері»
Дайындаған: ШАЙМАРДАНОВ АСАН КАДЫРГАЛИЕВИЧ

Баяндаманы әзірлеген: «Дене тәрбиесі және спорт» ПӘК оқытушысы Шаймарданов Асан Қадырғалиевич

Бекітемін: ___________
Директордың ОӘІ жөніндегі орынбасары
Бөленбаева А.К
«____» ___________ 2016ж
Келісілген: ________________
«Дене тәрбиесі» ПӘК жетекшісі
Мұқатаева Қ.Қ
Хаттама №______
«____» ___________ 2016ж
Баяндаманың мақсаты: колледж білім алушыларына дене тәрбиесі сабақтарында спорттық ойындарды қолдану арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, пәндік білім, білік, дағдыларын олан әрі жетілдіру.
Міндеттері:
1. Спорттық ойындардың теориялық және практикалық маңыздылығын ашу.
2. Дене тәрбиесі сабақтарындағы спорттық оындарды түрлері мен ерекшеліктерін ашып айқындау.
3. Спорттық ойындарды сабақтарда қолдану арқылы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Оқылған орны: «Дене тәрбиесі және спорт» ПӘК отырысында
жоспары
кіріспе
1. Дене тәрбиесі сабақ тарындағы спорттық ойындар
2. Спорттық ойындардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері
3. Дене тәрбиесі сабақтарында спорттық ойындарды қолдану арқылы студенттердің пәнге қызығушылықтарын арттыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
кіріспе

«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»Ғабит Мүсірепов ағамыз айтқандай спорт барша адамның өміріндегі маңызды шарттардың бірі.
Адам өмірінде спорттың маңызы зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2050” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай – ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай – ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ең басты мақсатымыз – денсаулығы мықты бала тәрбиелеу, әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1. Дене тәрбиесі сабақтарындағы спорттық ойындар
Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.
Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады.
Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді. 
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бір қалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.
Дене тәрбиесінің жалпы міндеттерімен қатар оның тәрбиелік, тәлімдік, нұсқаушылық бағыты оқушылардың сабақ барысында және үй жағдайында өзіндік шынығуына ықпал етуі де өте маңызды.
Дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру, ол пән мұғалімін тек дене жүктемесінің орындалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оқушы сабақта қандай білім, тәрбие және дағды алды, оны күнделікті өмірде нақтылы жағдайда пайдалана алды ма? және өзге іс-әрекеттерінде осы алған білім, дағдыларын қаншалықты жүзеге асыра алды - деген мәселелер де толғандыруы тиіс.
Мектепте оқушыларға дене тәрбиесінен білімді бірыңғай теория (ақпарат) түрінде беру дұрыс емес. Оқушылардың дене қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту үшін бір бағытта ғана емес, сонымен бірге сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты тиімді қолдану және жаттығулар мен жүктемелерді қиыннан оңайға, оңайдан қиынға ауыстыра жүргізу қағидалары арқылы қол жеткізуге болады.
Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.
Дене тәрбиесіндегі ойындар

Жалпы ойындар Спорттық ойындар Ұлттық ойындар
1. Ат спорты:
Аламан бәйгеБәйге
Көкпар
Аударыспақ
Сайыс 1. Қозғалмалы дене шынықтыру ойындарыleft02. Ой ойындары(Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ т.б.)left02. Қазақ күресіleft03. Затпен, құралдарды қолдану арқылы ойналатын ойындарleft03. Ителектуалдық ой ойындары: тоғызқұмалақ, хан дойбысы, нарды, дойбы т.б.left04. Нәресте балалар ойыныleft04. Саяткерлік: құстармен,ит – тазымен т.б.
5. Мал – жануарлар, құстар т.б қолдану арқылы ойналатын ойындар
5. Садақ ату
2. Спорттық ойындардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда. Олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтары дамытады. «Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», — деп Чуковский бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, дене дайындығын жетілдіре түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.  Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жатқылықтар оқушыларға кері әсерін тигізуде. Оқушылар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін. Сондықтан, спорттық ойын волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға , белсенді демалуға дайындаудың күшті құралдарының бірі. Спорттық тартымдылығы –бәсекеде.
Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы.Ол әркімге спотрттағы қуанышын сыйлап, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады.Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты түрде өткізу,жеңімпаз командаларды наградтау, құрметті жүлдегерлерді сарапқа салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектеседі.  Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі.Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.
Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім шеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады. Спорт түрі бойынша теория мен тәжірибелік курстан басқа, мамандық бойынша айналысатындарға, сабақтарды кәсіби деңгейде өткізу, жарыстарды ұйымдастыру, әдістік, алайлылық (тактикалық), психологиялық, дайындау және ұзақ уақыттық жеке дайындық жұмыстарын жоспарлау қарастырылуы керек Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен. Балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алатын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады
Жоғары оқу орындарында болсын, мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Жан-жақты қарастырып оны жақсы түсіндіріп, студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру қажет. Мамандарға сауалнама жүргізу бойынша, кезеңдегі дене тәрбиесі, көбінесе, практикалық сабақ, ал дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге көңіл бөлінбейді.
Оқушыларды дене тәрбиесі сабағымен шұғылдандырып қана қоймай, дене тәрбиесінен білімдерін де жетілдіруге болады.Мысалы, спорт ойындар түрлерімен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады. Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: спорт ойындарының барлық әдістерін, арнайы жаттығулар мен спорт акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, спорт ойындарының тактикасын, жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. нәрселерді меңгеру қажет. Өз пәні бойынша жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.
3. Дене тәрбиесі сабақтарында спорттық ойындарды қолдану арқылы студенттердің пәнге қызығушылықтарын арттыру
Дене тәрбиесі сабағының балалар үшін ең қызықтысы – бұл жарыс түрінде өткізу. Оған қатысқан оқушы жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылады, жеңіске жетеді, бұл қажетті психологиялық және дене қабілеттерінің (күш, ептілік, икемділік, жылдамдық, шыдамдылық) дамуына көмегін тигізеді.
Мұғалім мектеп бағдарламасы және жеке өзінің іс-тәжірбиесі негізінде жас ерекшеліктеріне қарай, әрбір жеке оқушы үшін қажетті білім деңгейін анықтай алады. Өзара пікірлесулер оқушылардың хабарламалары, рефераттар жазу оқушының дене шынықтырумен саналы түрде шұғылдануына ықпалын тигізеді.
Теориялық сабақтар далада ауа-райының жағдайына байланысты жоспарлы немесе арнайы сабақ ретінде өтілуі мүмкін. Мұндай кезде мұғалім алдын-ала таңдап алған теориялық материалын пайдаланады, ол материалдың барлық уақытта жанында жүргені дұрыс. (күтпеген қолайсыз жағдайларға дайын болуы керек)
Дене жаттығуларын үнемі жасау, ағзада болып жатқан морфофункционалдық, психо-педагогикалық, физиологиялық процестерді білуге мүмкіндік жасайды, оқушының өздігінше жұмыс жасауына белсенді ықпал етеді. Оқушылардың теориялық курсты меңгеруі үшін керекті әдісті мұғалім өзі жасайды. Мұндай бақылауды сауалнама жүргізу арқылы, сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы, бақылау жұмыстары, практикалық тапсырмаларды орындау түрінде өткізуге болады.
Ауыл мектептері – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін бірден-бір орын. Бос уақытты тиімді өткізетін мекеме екендігі және ауылдың интелектуалдық-мәдени өмірдің бірден-бір орталығы. Өндіріс орталықтарының, спорт пен дене тәрбиесімен шұғылданатын материалдық базасы бола бермейді, ал мектеп ауылдағы дене шынықтыру мен сауықтыру орталығы сипатында да қызмет етеді.
Спорт пен дене тәрбиесіне байланысты мұндай сабақтарды жақын орналасқан көрші мектеп оқушыларын да қатыстыра өткізген пайдалы. Ол балалар өміріне өзгеріс енгізеді, іс-шараға қатысушылардың қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық күйін жақсартады, байытады, оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастырады. Жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал етеді. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін тануына жағдай туғызады.
Мұғалім оқушыларға күделі жаттығу элементтерін үйреткен кезде оқушыға тікелей әсер ететін тәсілдер пайдалану ұсынылады (көмек көрсету, қолдау, сақтандыру т.б.) Гимнастика сабақтарына «Қозғалмалы ойындар» бөлімінің материалдарын енгізген тиімді болады. Бұл ойындар оқушылардың өмірінде кездесетін қиыншылық сәттерді жеңе білу мүмкіндігін қарастырады.
Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.
· оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс;
· нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;
·әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп міндетті түрде іріктеу керек.
· бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет;
· барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс;
· сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек.
· бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет.
Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі.

Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді:
1. Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт құралдарының салмағы (штанга, гирлер, батпандар т.б.), серігінің қарсы әрекеті (жұптық жаттығулар), сыртқы ортаның қарсылығы (құмда, қарда, суда жүгірулер т.б) жатады.
2. Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары ( белтемірде тартылу, еденнен итерілу, отырып-тұрулар, секірулер т.б.).
Ауырлық шамасын білу үшін спортшы неше рет көтере алатыны белгілі салмақ қолданылады. Ол салмақты қайталау шегі (ҚШ) деп аталады. Мысалы, 2 ҚШ дегеніміз – спортшы екіден артық, көтере алмайтын салмақ.
Қорытынды
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені – сау, білімді, білікті, жан – жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі. Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиесі – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес.
Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық – денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген ынта – жігерді арттыруға септігін тигізеді.
Пайдалынылған әдебиет
Негізгі әдебиеттер:
Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.
Қасымбекова С.И., Телеугалиев Ю.Г., Тайжанов С. Программа по физической культуре для 5-11классов – Алматы, 2000. – 47 с.
3. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
4. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. 1.Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Астана, 2012
2. 2. Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1999 жылғы 2 желтоқсан № 490-І, Астана