БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫ? ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ТАРЫНДА ?ИМЫЛ-?ОЗ?АЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫ? МА?ЫЗЫ


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫНДА
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Дене тәрбиесінің мақсаты – денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» бағдарламасында «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпақ тар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиісті екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Келешекте Азия барысына айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып, еліміздің іргесін нығайтатын да жас ұрпақ.
Осы жас ұрпақтың дене жетілдіруінде бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында жеңіл атлетика, гимнастика, қимылды ойындар ерекше орын алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.
Қазақстан елінде дене шынықтыру мен спортты дамытуда тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүр негіздерінің талаптарын жақындастыра отырып, қазіргі білім беру жүйесіне, яғни дене тәрбиесі сабақтарына ұлттық қозғалмалы ойындарда енгізу болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындар үнемі қимыл-қозғалыста болуды талап етеді және дене дайындығының көрсеткіштерін жақсарту үшін қолданылады.
Осыған орай барлық сыныптарда әрбір сабақта дене тәрбиесі жөніндегі білімді оқушыларда жүйелі түрде қалыптастыру қажет болады. Төменгі сыныптардағы балалар дұрыс тыныс алумен, дене жаттығуларын орындаудағы ойын маңызымен, барлық дене мүшелерімен және ағза жүйесінің жағдайына оның әсерімен танысса, 5-9 сыныптарда қозғалыстың екпіні мен қозғалыс қасиеттерін дамытудағы оның маңызы, денеге түсетін жүктеме, оның күшті, жылдамдықты икемдікті, шыдамдылықты дамытудағы алатын орны, жалпы дамытатын жаттығуларды орындаудағы тиімділік, бастапқы қалып пен үйретілетін қимыл-қозғалысты дұрыс орындауы туралы түсініктерді ашып көрсетеміз.
Жаттығуларды орындау барысында сұрақ қойып, жауап алу жолымен оқушылармен белсенді түрде үнемі байланыс жасаймыз.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын интеллектуалдық ойындарды өткізуде оқушының ойын кезіндегі өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, ұйымшылдыққа, төзімділікке, дененің жалпы даму сапасының артуына, әділдікке, жолдастық сезімге, әр түрлі кедергілерді жеңуін қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыған , дені сау ұрпақты тәрбиелейміз.