Открытый урок по казахской литературе на тему Абай жолы роман-эпопеясы (9 класс)


«Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО мектеп - интернаты» КММ
«Тіл білу, тарихты тану, қоғамға араласу – жасампаз елдің
жастарының жалауы» атты қоғамдық – гуманитарлық пәндер онкүндігі
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясы –
қазақ прозасының шырқау шыңы.
Мақсаты:
9 сынып оқушыларының жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясын танып білудегі білімдерін кеңейту.
Жаңа технология элементтері арқылы сабақ барысында оқушылардың ізденісін арттыру, топтық жұмыс негізінде ББД анықтау.
Ұлттық салт – дәстүрді /адамға ат қою/, «Тілдердің үштұғырлылығын» дәріптеу, тәрбиенің адамгершілік бағытында тәлім беру.
Түрі: жаңа сабақ, практикалық
Әдістер: эвристикалық, ой толғанту, деңгейлеп оқыту әдістемесі.
Көрнекіліктер: Абай мен Мұхтар портреті, «Абай жолы» роман – эпопеясының 4 кітабы, Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы» сызба – нұсқа плакаты, оқулық, Диктанттар жинағы.
Құрал – жабдықтар: маркер, слайдтық көрсетілім, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, этнопедагогика.
Сабақтың эпиграфы:
«Абайды оқымасаң, ештеңені оқымағаның»
Қ.О.Бітібаева
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. /5 минут/
1.1. Мұғалім «Абай жолы» роман – эпопеясынан үзінді оқиды:
Ербол: Әне, қарашы, өзің көр. Нақ Тоғжандай, орта бойлы, дәл Тоғжанның өз бойындай. Бар мүсіні келіп тұр... Бұның да жібек талды қолаң шашы бар. Айналасын қуантып, сүйсіндіргендей, жазықсыз, нәзік күлкі қуаныш бар. Анық Тоғжан жарың. Жаңа ғана түсіңде көрген сияқты. Аты – Шүкіман.
Абай:Керім... Керім... Несін айтасың!
Ербол: Әй, керім!.. Әй, керім!..
Абай: Қалай айттың, қалай айттың? Ал, мен бір нәрсе айтайын ба? Бұның Шүкіман деген аты сұлу емес. Сай емес! Жаңа ат қоямыз! Оны дәл осы арада сен таптың! Оның аты енді Әйгерім болады.
Ербол: Әйгерім!!!
Иә, «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Қазақтың Бас ақыны Абай айтқандай баршамыз бесік әлдиімен іңгәлап осы жарық дүниеге келгенбіз, балалар!Міне, мен айтып берген үзінді «Абай жолынан» алынған. Ендеше, Әйгерімнің қалайша Әйгерім аталуынан хабардар болдық. Ал, сендер ше? Есімдеріңді не үшін осылай атады? Мысалы: менің есімімнің тарихы... /мұғалім өз есімі неліктен Салтанат аталғанын қысқаша әңгімелеп өтеді/.
Тапсырма №1. «Менің есімімді неліктен осылай атаған?..» шағын жүгіртпе ой – толғау жазады.
ІІ. Жаңа сабақ.
2.1. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясы – қазақ прозасының шырқау шыңы. Мұғалімнің кіріспе сөзі. /2 минут/
2.2. «БІЛІМ»
Оқулықтағы 278-279 беттердегі үзінділерді мәнерге оқыту, ой бөліс. 288 – беттегі Тапсырмалар мен сұрақтар айдарынан 2,3 сауал тапсырмаларға жауап. /3 минут/
2.3. «ТҮСІНУ»
7 – тапсырма бойынша «Абай жолы» роман - эпопеясы -Үшінші кітап 282 – беттен Абай мен Әбіштің пікірлесуін оқып талдау жасау. /5 минут/
2.4. «АНАЛИЗ»
Оқулықтың 287 - бетіндегі сызба – нұсқаны дәптерге түсіру. /3 минут/
2.5. «ҚОЛДАНУ»
1. Үлестірме таратылады. «Абай жолынан» үш тілде /қазақ, орыс, ағылшын/ үзінді оқу. /2 минут/
2. Абайдың қайғысына ортақтасып, егер жанында жүрсең, көңіл айтар едіңдер. Қалай айтар едіңдер? Қалай жұбатар едіңдер? /2 минут/
3. Абай әні. Абай сазы. Абай әуені. «Көзімнің қарасы» сынып болып ән орындау.
/3 минут/
2.6. «СИНТЕЗ» - деңгейлеп шығармашылық тапсырма беру.
1 ТОП: Абай шығармаларын көп атаған оқушыларды жинақтау.
Тапсырма: «Қыс» өлеңіне сурет бояу, өлең жазып көру. /4 минут/
ІІ ТОП: М.Әуезов туындыларын көп атаған оқушыларды жинақтау.
Тапсырма: Үлестірмедегі сауалнамаға білемін, білмеймін деп белгілеу. /1минут/
ІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: «Абай жолы». Бірінші кітапты оқу. Ғ.Мүсірепов өмірімен, шығармашылығымен танысу. Белсенділер мен қонақтарға сыйлық тапсыру
VІ. Қорытынды.
«2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы функционалдық сауаттылық пен Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы». Диктант жазу /5 минут/ Диктанттар жинағы: 25 - бет.
4.2. «Абай – қоғам қайраткері». Тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Касеновтың тұжырымды ойын тыңдау. /5 минут/
4.3. Мұғалім: «Абай жолы» - Халық жолы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауымен келешекке мақсатты қадам басудамыз. Ендеше, нұрлы әлемде жарқын болашақтың иесі - жастарымызбен Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуын бейбіт елде тойлай берейік. Абайдай Ұлысы бар қазақ жасасын! Абай есімін бүкіл әлемге мәшһүр еткен Мұхтардай данышпаны бар еліміз жасасын! Қазақстан жасасын!
«Жаса, Қазақстан» әні орындалады. /5 минут/