Бейнелеу ?неріні? жанрлары мен т?рлерін еске т?сіреміз (4класс)


Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнері 4-класс Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен
оқушыларды жүйелі таныстыру.
ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері жанрларына сурет салған суретшілердің
шығармаларын талдап үйрену.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбом, открытка, дидактикалық құралдар, қарындаш, фотоальбом, бояу, қылқалам, т. б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда: графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.
Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Мүсін – әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалған көркем шығарма.
Сәндік қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын түр-түрі көп өнер. Әрбір халықтың творчествосымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.
Портрет – адаиның тұлғалық келбеті бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
Тарихи – белгілі оқиғалар мен белгілі кезеңді көркем бейнелеп көрсететін шығарма.
Батальды – соғыс оқиғалары бейнеленген көркем туынды.
Анималистік – хайуанаттар мен жан-жануарлар бейнеленген көркем сурет.
Мына өнер туындыларына қарашы. Суретшілердің туындыларын бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына қарай, альбомда кесте құрып, бөліп жаз.
27965402618105-2800352749552612390274955
-1276355419090301561554190902819402304415
Үйге тапсырма беру: Жанрларға байланысты тақырып бойынша сурет сал.