Конспекты по казахскому языку на тему ?желер сайысы


Тақырыбы: «Қарты бардың қазынасы бар » әжелер сайысы            Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап  тәлім-тәрбие алу.            Кіріспе сөз.                                                                                                 Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні  Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер.   Сайысымызға 5 әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық.       Армысыздар,жамағат!       Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,       Ала келген бар әлемнің шаттығын.       Қазан-қазан көже жасап,       Азан-қазан көңілменен күй кешу.       Біздер үшін бақ бүгін -  дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға  шақырайық. 1. Айдархан Айзере - Шарипа әжесімен
2. Әбдразақ Мерей - Шарипа әжесімен.
 3. Аділбек Айдын – Ұлман әжесімен. 4. Айару - Ләззат әжесімен.
5. Кәрібай Диас – Қалдыгүл  әжесімен
Өткізу барысы.
І.  Таныстыру.ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
 ІІІ. Өнер көрсету. V. Ұлттық тағамдар.
Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар  алқасын(сайлап)таныстырып өтейік.
1. Балабақша  әдіскері- Гаухар Адырбекова2.«Балапан» тобының тәрбиешісі Жансая Асанқызы3. Ата-аналар атынан – Ақпанбет Салтанат.
І. бөлім. Таныстыру.Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға, Сыпырды толмағасын осы дұға.  Қызып келген қырандай керілтеді.  Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін  таныстырып өтсін.
ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)           Бұл сыр сандықшада  ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған  осы сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу. 1.Бесікке салу. 2.Шілдехана. 3.Той бастар.
4.Тұсау кесу.
 5.Ат қою.
Әжелерім асыл менен ақылды.Ажыратар алыс пенен жақынды.Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.
ІІІ бөлім Өнер көрсету.Қазақ жұрты киелі,Өнерліні сүйеді.Сізді сонша аңсап ел,Би билеп,ән салыпОртаға салып береді
V бөлім Ұлттық тағамдар
«Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын таныстырып өту.          Әділ- қазылар   алқасы өз шешімдерін талқылап  шешкенше ортаға «Көгершін» тобының орындауында  «Бау бақша белдер» әнін тамашалаңыздар. Әр  әжелер  мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе, «Сабырлы әже» ,  «Шебер әже»,«Өнерлі әже», «Тапқыр әже», «Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды.          «Көп жасағанан емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік.    Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.            Сау болыңыздар!