Наурыз мерекесіне арнал?ан ?желер сайысы сценарийі



Тақырыбы: Наурыз - жыл басы!
Түрі: Әжелер сайысы
(Роза Рымбаеваның «Наурыз- думан» әні жүріп тұрады).
Залда мерекеге сай безендірілген киіз үй орнатылған. Мерекеге дайындық жүріп жатқан ауыл көрнісі.
Мақсаты: ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, халықтың салт-дәстүрін құрметтеуге, қазақ халқының әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық өнерге баулу.
Жүргізуші: Армысыздар, халайық.
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда бірге қарсы алайық!
Наурыз – жыл басы болып саналады. Ата-бабаларымыздың салтымен ұлттық мерекені той-думанмен, ойын-күлкі, қуанышпен өткізеді. Кез-келген игі істе, жақсылыққа аналар мен әжелер құрт,кәмпит, күміс тиіннан шашу шашады. «Той тойға ұлассын» деген ниетпен, бүгінгі мерекеде әжелердің өнерін тамашалайық. Сіздерді Наурыз – жыл басы мерекесімен құттықтаймын!
(Сырттан дауыстар естіледі. Әжелер жиналып абыр - сабыр болып, құшақтасып, көрісіп, шашу шашып залға енеді

Жүргізуші: Жаңғырар дәстүр салтымыз,
Көзделсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз – жыл басы.
Бүгін біздің ортамызда ақ жаулықты әжелеріміз біздерге қазақ халқының салт-дәстүрін ала келіпті. Олай болса, әжелер сайысын бастайық.Сайысымызды бастамас бұрын сайыстың әділ өтуін қадағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Олар:
Балабақша меңгерушісі С.Тулегенова
Кітапхана меңгерушісі Н. Куталиева
МАД тобының тәрбиешісі М. Габдрашиева

Сайыс бөлімдерімен таныс болыңыздар.
«Мен - анамын, ұрпағын әлдилеген» - таныстыру сайысы
«Сегіз қырлы, бір сырлы» - шұлық жамау, ұршық иіру,
ою қию сайысы
«Өнерлінің өрісі кең» - өнер сайысы
«Қазақы дастархан» дәм-думан сайысы
«Жақсы сөз, жарым ырыс» бата беру сайысы «Қазақтың салт-дәстүрі»- қол өнер сайысы
Жүргізуші: Наурыз тойы бітпейді,
Келер жылы тағы да күт дейді.
Алтынмен аптап көңілді,
Күміспенен күптейді – таныстыру бөлімі


Жүргізуші: Ал, әжелер тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
«Түйетабан», «Ботакөз»,
«Қой ізі» мен «Қос мүйіз»,
Ою өрнек әлемі, Сәнді өрнек ояйық- деп сегіз қырлы, бір сырлы әжелеріміздің шұлық жамау, ұршық иіру, ою қию сайысын тамашалайық.


Жүргізуші: Наурыз күні той думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен жырды төгілтіп,
Биден шашу шашайық,
Өнерлінің өрісі кең дегендей келесі кезекті өнер сайысына жолдаймыз.


Жүргізуші: Арпа, бидай бас тағам,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы бас тағам. - дәм-думан сайысына кезек береміз.


Жүргізуші: Сыйлай білсең ата- баба мұрасын,
Қазақтардан табылады жыр асыл.
Бата берсін көпті көрген дария,
Әр қазақтың тойбастары болғасын - келесі бата беру сайысы


Жүргізуші: Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін – қол өнер сайысы


Жүргізуші: Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген
Қатысу да бір - жеңіс,
Жан болса соны ұғатын – деп, сөз кезегін әділқазылар алқасына жолдаймыз.
Әжелерге сыйлықтар мен номинациялар беріледі.


Жүргізуші: Осымен «Наурыз - жыл басы» атты әжелер сайысы мәреге жетті. Аман-есен жетейік, келер Наурыз тойына - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

«Асылай» бөбекжай балабақшасы

«Наурыз – жыл басы»
Әжелер сайысы
Дайындаған балабақша әдіскері
Минажева Айман Сейтжановна
Наурыз 2016 жыл