Тіл та?дыры-?лт та?дыры.


Тіл тағдыры-ұлт тағдыры.

-55308520320Қазақ халқы-өмірді айналаны тану ақиқатын суреттейтін, ұрпақтан-ұрпаққа рух беретін әдемі де шебер, сазды тілдің иесі. Жүздеген ғасырлар тарихын тербеген дала төсінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың көкірек сыры мен жүрегінің үнін жеткізген қасиетті аманат. Біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде деп Нұрсұлтан атамыз айтқандай, ел ертеңі тілімізде.Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, дамуына үлес қосу жас ұрапақтың жауапты міндеті.
Ұрпақ-елдің келешегі, болашағы. Тіл тағдыры-ұлт тағдыры. Тіліміз өркендеп дамыса, елде,ұлтта бірге өсіп дамиды.Ана тілін ардақтап құрметтеген жан-халқының, елінің ұлттық құндылықтарын зерделеген үлкен жүрек иесі. Өз тілін сүйген, қастерлеген жанның өз елінің болашағына үлес қосары сөзсіз.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту,-деген Бауыржан Момышұлы. Шынында да ана тілді ұмыту-тарих, ұлтымызды ұмытқанымыз. Өз тілін сүймеген,құреттемеген адам хайуанмен тең. Тіл-асыл қазына. Бізге күш берер тіліміз тұрғанда ұлттық мәдениетіміздің де туы биік, ұлтымыздың да ғұмыры мәңгілік бола береді.
Хауметова Аружан
Өтепқали Сахипов атындағы
ЖББОМ-нің 4 сынып оқушысы
Жәнібек ауданы,Күйгенкөл
ауылы