Ауыл шаруашылы? ?ндірісін механикаландыру ж?не электрлендіру п?нінен ашы? саба? Ауыл шаруашылы?ын сумен ?амтамасыз ету


Ашық сабақтың әдістемелік жоспары.
Топ: ФС -13
күні:
Пән: Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру мен электрлендіруТақырып: Ауыл шаруашылығындағы фермаларды сумен қамтамасыз ету.
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік – Ауыл шаруашылығындағы фермаларды сумен қамтамасыз ету бойынша кіріспе, өзіндік қор жинауға дағдыландыру
2.Тәрбиелік – іскерлікке, ынтымақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3.Дамыту – оқушылардың ой өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ өткізілу әдісі: аралас, сұрақ жауап, түсіндіру
Көрнекілік: кітаптар «Мал шаруашылығын механикаландыру» Бектасов, тақырып бойынша слайд.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу
2.Өткен тақырыпты қайталау:
3.Жаңа сабақты зерделеу:
Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.
Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.


Saturation level грунт суының деңгейі; Artesian well — артезиандық ұңғыма; Pervious strata — су сақтағыш қабат; Impervious strata — су ұстағыш қабат
Суды ең көп қолданатын өндірістер – ол ауылшаруашылығында, соның ішінде мал шаруашылығында. Малдың санына байланысты әр малдың суды күнделеікті орташа қолдану көрсеткішіне сай есептейді.
Смал фермаларында және комплекстерде судың шығыны көп болады. Олар малды суару, азық дайындағанда, қондырғыларлы жуу, малдарды жуу, фермалардың ішін жинағанда, фермалардығ ішін жылыту кезінде, қызметкерлердәі шаруашылық ас су қолданған кезде, өрт сөндіру кезінде көп су мөлшері пайдаланылады.
Суды қолдануына байланысты судың сапасы анықталған талаптарға сай болу керек. Оны судың құрамына байланысты бактериялық, химиялық және де органалептикалық қасиетіне сай бағалайды. Судың органалептикалық қасиетіне жататындар: оның түһұнықтығы, түсі, дәмі және иісі жатады. Судың тұнықтығы ол ішіндегі заттарының санына сай анықталады. мг/л өлшем бірлігі.
Судың түсі оның ішіндегі органикалық немесе мениралы механикалық қоспасына сай анықталыналы, градус өлшем бірлігі.
Судың дәмі және иісінің болуы оның ішіндегі органикалық заттардың, минералды тұздардың, және де араласқан газдардың болуына сай білінеді. Бес баллдық жүйемен анықталады.
Судың бактериологиялық құрамы ауру таратқыш және сапрофиттік бактериалардың санына байланысты. Ас суына қойылатын талаптар мемлекеттік стандарт бойынша анықталған.

Ең алдымен су көзін табамыз. Ол өзен немесе жер асты сулары болуы мүмкін. Содан кейін суды жинайтын құрылғы орнатамыз. Одан кейін насос станциясы қажет болады, себебі суды өзіне қарай тартып су желісімен су башняларына өтеді. Ары қарай су тарату желісіне өтеді. ол су беретін пһнауалар немесе су беретін арнайы автоматты қондырғыларға өтеді.
Су және оған қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Мал организміне судың маңызы және атқаратын рөлі. Мал ішетін суға қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар: сезімдік және физикалық көрсеткіштер, химиялық және газ құрамы, биологиялық қасиеттері. Ауыл шаруашылық малының суды қажетсінуі. Мал организмінің суға қажеттілігіне әсер ететін жағдайлар. Мал ішетін су сапасына қойылатын гигиеналық талаптар.
Табиғи су көздері, оларға сипаттама беру және гигиеналық тұрғыдан бағалау. Табиғи сулардың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері мен жіктелуі. Табиғи су көздерін ластанудан қорғау санитарлық қорғау аймағы, оған қатаң режим, шек қою және бақылау жүргізу. Судың өздігінен тазалануы. Су көздерін құжаттандыру.
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жүйелері. Сумен қамтамасыз ету түрлері, өндірістік, шаруашылық, тұрмыстық және бірегейлік. Сумен қамтамасыз ету әдістері, өздігінен ағатын, механикалық (насоспен) және аймақтық. Су жеткізу тораптарын жабдықтау. Малды сумен қамтамасыз ету мен суғару қондырғыларына қойылатын гигиеналық талаптар. Еліміздің әр аймақтарындағы мал шаруашылығы фермаларын сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері.
Әр түрлі жүйеде бағылатын мал және әрбір түлікті суару техникасы мен режимі. Суару жабдықтарын күту. Малды жазғы жайылымдықтар мен жайлауда бағу кезінде суаттарын суару гигиенасы.
Суды тазарту, жақсарту және залалсыздандыру. Тұндыру,қыздыру мен қоспаларды шөгеру, сүзгіден өткізу, жұмсарту, тұзсыздандыру, тұщыту, темірсіздендіру, фторлау мен фторсыздандыру, азондандыру, иіссіздендіру, қайнату, бактериоцидті ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру, хлорлау және т.б.
4.Нығайту:
1. суға қойылатын талаптар.
2.Сумен қамтамасыз ету3.Суды тазарту, жақсарту және залалсыздандыру4.Су және оған қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
5.Үй жұмысы:
Өздерінің фермаларында су жүйесін құрастыру

«Соглосовано»
Зам дир по УР: Асанова Г.Е
Методист: Кабаева А.А
Председатель МЦК Пудовкина Т.В