Технология п?нінен 7-10 сынып ?ыздары арасында?ы Ал ?анеки ?ыздар !атты сайысы.


«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыМіндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.
Жоспары (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру, (интерактив тақта )
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Біздің мектеп дәстүрінЖаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.
Армысыздар ұстаздар,оқушылар! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)
2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5 мин)
3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) картоп ашув) түйме қадау
4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
5-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету .6-шарт. «Ас – адамның арқауы» (10 мин) салат түрлерін дайындау.
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру.
(әр топқа 1 мин – 4 мин)
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысындаСыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
2 -шарт «Бәйге»
Әр топқа 6-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан 7 минут беріледі.
«Бәйге» І –топ
1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
3. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
4. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
6. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)
«Бәйге» ІІ-топ
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
«Бәйге» ІІІ – топ
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
3-шарт. «Кім жылдам?»
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
б) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
4-шарт. «Тіл өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
І-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсыңОнсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.
3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.
ІІ-топ
1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.
2. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
3. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
ІІІ-топ
1. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
2. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)
3. Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)
5-шарт «Ас адамның арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырымЖақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлерДайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат түрін ұсынады. (уақыты 5 минут)
6 – шарт бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.
Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.