Статья по технологии Караева


Ж.А. Қараев технологиясының қолданылуы
Р. Ә. Шәкірова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, № 18 жалпы орта білім беру мектебі.
Ж.А. Қараев технологиясы – дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді: оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытады.
Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейіне сәйкес білім алуына кепілдік береді.
Разноуровневое обучение по технологии Ж.К.Караева – дает возможность осуществить идею развивающего обучения: развивает мышление, воспоминание, память, прилежание, активность учащихся, повышает качество знаний. Позволяет каждому ученику получить знаний соответствующие государственному стандарту.
The leveled teaching gives the possibility to realize the idea of developing education:it develops the mentality, imagination, memory and activity of students; it raises the guality of knowledge and permints everyone to get the knowledge corresponding to the state standards.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Окушыларымыздың білімдерін 6-7сыныптардан бастап бақылау жасай отырып, профессор Қараев Жауынбайдың «Деңгейлік саралау технологиясын» таңдап алдық. Мұндағы мақсатымыз –өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу.
Бұл технология, біріншіден, дамыта окыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол окушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр окушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейіне сәйкес білім алуына кепілдік береді.
Деңгейлік саралау технологиясы окушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық кызметін дамытуға бағытталған.
Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар арқылы окушы тек қана міндетті деңгейдегі тапсырмаларды орындап қана қоймай, бірнеше деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өз кабілетін көрсете алады. Енді осы деңгейлерді аңықтап алайық:
I деңгей –минималды қалапты окушы деңгейі,
II деңгей- алгоритмдік денгей,
III деңгей- жалпы, ойлауды қажет ететін, танымдық іздену (эврестикалық) деңгей, бұл деңгейде окушы өзі тұжырым жасайды (сөздікті пайдаланып, мәтін аударады, сөзжұмбақ, ребус шешеді),
IV деңгей- шығармашылык деңгей.
Енді осы деңгейлік тапсырмалар беру үлгісін 6-сыныпта өткізілген «Сан есімді қайталау»` деген сабақта көрейік.
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянактау, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру;
2) тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін дамыту;
3) орындалатын жұмыстар арқылы еңбексүйгіштікке тербиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест.
Көрнекіліктер:суреттер сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мен-казақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Достасатын сендермен
Жақсы пәнңің бірімін.
Үйретем тіл зандарын,
Сөзіме құлақ сал бәрің,
Менімен тез іске асар
Ойға алған арманың
Міне, балалар туған тіліміз қазақ тілі ұжымдық оқыту арқылы деңгейлік
тапсырмаларды орындау барысында өтпек.
Сыныпты білім деңгейіне қарай 3 топқа бөлу:І топ(``Өте жақсы``оқитын окушылар); ІІ топ(``Жақсы`` оқитын окушылар); ІІІ топ (``Орташа``окитын окушылар).
ІІ Негізгі бөлім.
а) Үй тапсырмасын тексеру.
Көрнекі-бейнелеп ойлау. Мына жазба карточкаға қарап, сөз табын табыңдар.
Антоним
Буын
Сан есім
Жалғау
Бастауыш
ә) «Топтастыру» әдісі бойынша сан есімдерден білетін ұғымдарынды жаз.
249872581280001696720-438150Заттың санын,ретін, мөлшерін,білдіреді
00Заттың санын,ретін, мөлшерін,білдіреді

2024380-5715Сан есім
00Сан есім
3971290-5715Қанша, неше, нешеу, нешінші?
00Қанша, неше, нешеу, нешінші?
-504825-5715Құрамына қарай: дара, күрделі
00Құрамына қарай: дара, күрделі

1347470298450033337502984500
26111202222500
169672048260Мағынасына қарай:
00Мағынасына қарай:

1)есептік 3)жинактық 5)бөлшектік
2)реттік 4)төптау 6)болжалдык
б) Топтармен жұмыс.
Білім деңгейіне қарай әр топқа тапсырмалар беру. Деңгейден деңгейге көшкен сайын тасырмалар да күрделене түседі.
І деңгей
І топ. 1-тапсырма. Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, кұрамына, мағынасына қарай ажырат.
1941 жылы 22 маусымда неміс фашистері тұтқиылдан елімізге шабуыл жасады.
2-тапсырма. Реттік сан есім дегеніміз не? Реттік сан есімнің цифрмен берілгендегі жазылуы туралы айтындар.
II топ. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып, құрастыр.
Сом, ақшаң, жүз, болғанша, жолдасың, болсын, жүз.
Тілін, жұрттың, біл, жеті,
Түрлі, білім, жеті, біл.
2-тапсырма. Болжалдық сан есім, оның жасалу жолдары туралы айтыңдар.
III топ. 1-тапсырма. Сөйлем ішінен сан есімді тап. Майдан даласына миллиондаған қыз-жігіттер аттанды.
2-тапсырма. Сан есім дегеніміз не? Сан есімді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.
II деңгей
1 топ. 1-тапсырма. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазындар.
6, 10, 105, 35, 636, 482, 1991, 2004, 10205, 1965.
2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қой, талда.
Жаздың ... күні
Қыстың ... күнін асырар.
... жасар бала алыстан келсе,
... қария сәлем берер.
... аяқтыда бота тату,
... аяқтыда бажа тату.
II топ. 1-тапсырма. Ребусты шешіндер.
(Қолдың суреті)
3096895109220005 1-дей
35598108826500
35598106731000(ағаштың суреті) ,
, , , ,
Берілген сан есімдерді қатысттырып, сөйлем құрастыр.
Жеті-сегіз, он үштерде, алпыстай, ондаған, жиырма шақты.
III топ. 1-тапсырма. Жаңылтпашты оқып, айтыңдар. Сан есімдерді қатыстырып, өздерің жаңылтпаш құрастырыңдар.
Бес түп алма
«Бестік» алғандікі
Төрт түп алма
«Төрттік» алғандікі
«Бестік» алғандікі
Төрт түп алма
«Төрттік» алғандікі
«Төрттік» алған
Бес түп алма алмайды
«Бестік» алған
Төрт түп алма алмайды
2-тапсырма. Дара, күрделі сан есімдерді бөлек-бөлек жаз.
Жүзінші, жетпіс бес, екі, кырық шақты, отыздай, төртеу.
IIIдеңгей
I топ. 1- тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Сюжетті суретке қарап, сурет мазмұнына лайық шағын әңгіме құрастырыңдар.(сан есімдерді қатыстыру).
II топ. 1- тапсырма. Тест. Сан есімдердің қайсысының жазылғаны дұрыс.
а) 2004-жыл
ә) 2004 жыл
а) V том
ә) V-том
а) 7-сынып
ә) 7 сынып
а) 10-даған
ә) 10 даған
III топ. 1- тапсырма. Сөзжұмбақты шешіндер.
Кәделі мүше.
Ел ордасы.
Ас атасы.
«Кет» сөзінің антонимі.
Нәрестенің төсегі.
Киім қыстыратын орын.
Сөздің көркі
873125138430001211580138430с
00с
53467013843000
1888490406400015500354064000196215292100053467040640008731252921000121158029210а
00а

53467013208000873125120650001211580120650н
00н

155003511430008731252286000121158011430е
00е

18884901028700015500351028700053467011430000873125125730001211580102870с
00с

2565400194945002226945194945001888490194945001550035194945001211580194945і
00і

25654008509000222694585090001888490850900015500358509000121158085090м
00м

III. Сабақты қорытыңдылау.
IV. Үйге тапсырма. Оқыған көркем шығармаладан сан есімге 5 сөйлем жазып келу.
V. Білімдерін бағалау.
Ж.А. Қараев технологиясы бойынша оқытуда оқушы жаңа білімді өзі меңгере отырып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды. Оқущының себеп, іскерлік, ес, ақыл-ой дамуына әсер ету нәтижесінде білім сапасы көтеріледі, өзін-өзі дамытуға себеп болады. Бағалау және бақылау іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі түрі өзгереді.
Қорыта айтқанда осы технологияның идеяларын жүйелі түрде қолға алсақ, оқушыларымыз жыл аяғында өткізілетін сынақтарға ауызша да, жазбаша да дайын болары сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Б.Құлмамбетова, А. Ысанова, М. Исинғарина «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы «Білім» 2000 ж
2.Қ. Қадашева «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, өзге тілді дәрісханадағы қазақ тілі» Алмата, 2001 ж