разработка урока по казахскому языку



6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тұйық етістіктің емлесін меңгерту,етістік түрлерін ажырата білуге дағдыландыру ;
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,ой қорытып нақты шешім жасауға үйретіп,ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру;
3.Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны,жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін білуін,сүйе білуін арттыру,оқушылардың туған тілін сүюге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд
Типі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: ой қозғау, сұрақ жауап,түсіндіру,топтастыру,талдау
Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу.
Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Біздің алға қойған мақсатымыз:
Өткенімізді білетін,
Бүгінді түсінетін,
Ертеңімізге сеніммен қарайтын -
азамат болу !
1.“Бізге мәлім деректер”
Етістік дегеніміз не?
Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі?
Етістік сөйлемнің қай жерінде тұрады?
Негізгі етістік қалай жасалады?
Туынды етістік қалай жасалады?
2. «Талдау -табыс кілті» (талдап үйренейік)
Берілген сөйлемнен етістікті тауып,морфологиялық талдау жасау.

Тілін білмеген түбін білмейді. (Ғ.Мүсірепов)
білмейді –
сөз табы- етістік
сұрағы- қайтеді?
құрамына қарай -дара
іс әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай- болымсыз
сөйлемдегі синтаксистік қызметі- баяндауыш
ауыспалы келер шақ
ІІІ. Жаңа сабақ. Ережемен танысу:
1) Тұйық етістік қимылдың атын білдіреді.
Сұрағы: не істеу?
2) Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалады.
Мысалы: бар- иди,бар +у –идти,айт-скажи,айт-у-сказать,жаз –пиши,жаз +у-писать,сөйле- говори, сөйле +у-говорить
3) Тұйық етістік септеледі
Атау септік бару келу
Ілік септік бару-дың келу-дің
Барыс септік бару-ға келу-ге
Табыс септік бару-ды келу-ді
Жатыс септік бару-да келу-де
Шығыс септік бару-дан келу-ден
Көмектес септік бару-мен келу-мен
Тапсырма. Жазу,сөйлеу сөздерін септеу.
4) Тұйық етістік тәуелденедіТұйық етістіктің тәуелденуі керек ,қажет модаль сөздері арқылы жасаладыМысалы:Менің бару-ым керек Я должна идтиСенің бару-ың керек Ты должен идтиСіздің бару-ыңыз керек Вы должны идти Оның бару-ы керек Он (она) должен,должна идти
Тапсырма.Келуім керек, оқуым керек ,айтуым қажет сөздерін тәуелде
5) Тапсырма.Етістіктерге тұйық етістігінің “у” жұрнағын жалғаңдар
Ақ.Бақ .Тақ.Бүк.Ек.Тап .Жап.Шап


7) Мәтінді түсініп оқып,қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, тұйық етістік формасына айналдырыңдар
Жылқы
Жылқы - төрт түліктің бірі.
Жылқы терісінің иісі шыққан жерге жылан жоламайды.Жылқы лай суды ішпейді.Ол тек таза,тұнық суды ішеді.Шөптің асылын теріп жейді.

8) Топтастыру. Жылқы (үй жануары, көлік,тағам,қымыз,сәндік,тері)
9) “Біліміңе білім қос!”Өлең жолынан,сөйлемдерден тұйық етістікті табыңдар:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң,байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік !

Үкімет “Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыруда. Жастар қазақ тілін терең меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін жақсы білуі тиіс.
9)

ІV. Өтілген сабақты қорытындылау “Сен қалай ойлайсың?”
Тұйық етістік дегеніміз не?
Тұйық етістік қалай жасалады?
Қай етістік жіктелмейді?
Қай етістік септеледі?
Тұйық етістік қай сөздермен тіркеседі?
Мұғалімнің сөзі: тұйық етістіктер сөйлемде баяндау қызметінде өндіру керек,білуі тиіс,айту қажет тәрізді сөздермен тіркесте жұмсалып,істің болу міндеттілігін білдіреді.
V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма: «Өзіндік ізденіс білім негізі» . «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен», «Балдырған» газет журналдардан «у» тұлғалы етістіктер жиі кездесетін өлеңдер немесе әңгіме тауып,теріп жазу.
Тұйық етістік емлесін жаттау.