Урок казахского языка на тему: «Актеры Казахстана» в 11 классе


ГУ «Розовская средняя общеобразовательная школа Павлодарского района»
казахский язык урок на тему: «Актеры Казахстана» в 11 классе
Учитель первой категории Галеева Алия Тастанбековна11 сынып. Қазақ тілі Күні______________
Сабақтың тақырыбы: Қазақ актерлері.Термин сөздерСабақтың мақсаттары:Білімділік: термин сөздер туралы түсінік беру, өткенде алынған білімдерін еске түсіруДамытушылық: алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың көрнекілігі: термин сөздер жазылған плакат, әр - түрлі жетондарӘдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап т. б.Сабақтың барысы1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым дара тілім - деп анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді құрметтеп, бүгінгі сабағымызды бастайық.2. Үй тапсырмасын сұрау.3. Жаңа сабақӘрбір тілдің сөздік құрамында жалпыға ортақ сөздермен қатар, ғылым мен техниканың, өндіріс пен шаруашылықтың жеке бір саласына ғана тән арнаулы сөздер де болады. Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздерді термин сөздер деп атаймыз. Термин сөздердің басты сипаттары мынадай:1. Термин ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек;2. Термин сөздер дара, бір ғана мағыналы болуы керек;3. Термин сөздердің көпшілігі дүние сөзі тілдерінің халықтарына ортақ болуы керек.Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.Терминдердің пайда болуы ғылым мен техниканың атауларына тығыз байланысты. Ғылымы жоқ, техникасы болмаған елдерде термин жайында сөз болуы мүмкін емес.Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылымды терминология деп атайды. Қазақ терминологиясы қазіргі таңда жан - жақты қарастырылып, қауырт жиналуда, қазірдің өзінде терминдердің жетпістен астам сөздігі басылып шықты.Мысалы, әдебиет терминдері: поэзия, сатира, опера, образ т. б4. Оқулықпен жұмыс. 193 - жаттығу. Математика, география, биология, тарих пәндері бойынша термин сөздерді жаздыру. МысалыМатематика терминдері: квадрат, куб, косинус т. б5. Өзіндік тапсырмалар беру.- Әр түрлі тақырыптағы терминдерді пайдалана отырып, шағын мәтін құрату- Ата - аналарының істейтін кәсібіне қатысты термин сөздерді қатыстырып әңгіме жаздырту.6. Суретпен жұмыс.Оқушылар суретке қарап, сөйлем құрап жазады. Ішінде термин сөзбен байланысын табады.7. Мәтінмен жұмыс.Егер сен өнерден ләззат алғың келсе, онда өнер жөнінде білімдар адам болуың керек. (К. Маркс) Музыканы сүю үшін ең алдымен, оны тыңдай білу керек. (Д. Шостакович) Көркемөнер біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді. (М. Әуезов)Сұрақтарға жауап беру.1. Әр сөйлемдегі ойды өз сөздеріңмен таратып айтқызу.2. Өздерің білетін өнер түрлерін, олардың әрқайсысына қатысты термин сөздерді топтап жаздырту.3. Өздері сүйетін өнер туралы әңгімелесу.8. Сабақты бекіту.1.Cен қандай қазақтың актерлерін білесің? Термин сөздер дегеніміз не?2. Кәсіби сөздерден қандай айырмашылығы бар?3. Қазақ тіліне тән терминдерді атаңдар?9. Бағалау. Белсенділік көрсеткен оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.10. Үйге тапсырма. Ережені жаттау. Қазақ актерлеріне байланысты бір мәтін дайындау.