Сынып са?атыны? та?ырыбы: «Т?рбие-отбасынан басталады»


Сынып сағатының тақырыбы: «Тәрбие-отбасынан басталады»

Сынып: 10 «Г» - сынып.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру,ата-аналарға тәрбиенің ең тамаша
мектебі – отбасы екенін түсіндіру.
Міндеттері:Ата-ана мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,өз ойларын тұжырымдап, жұптық жұмыс жасау.
Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыстарды орындауда ұйымшылдығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалы артады, тәрбиенің ең тамаша мектебі –
отбасы екені туралы біледі.
Түйінді идеялар: Ата-ана мен оқушылар бірлесіп жұмыс істейді.
Әдіс-тәсілдер: Жұптық, жеке жұмыс. Диалогтік оқыту тәсілі. Оқытуда АКТ-ны пайдалану. Кинометафора әдісі,
«Ойлау туралы ойлану» әдісі, «Бес саусақ»әдісі.
уақыты кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау Ресурстар
2минут Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Ата-ана мен оқушыларды психология
лық дайындау.
Өзін -өзі реттеу. Сыныпқа ену, ата-ана мен оқушыларды жылы жүзбен, «Көңілді күн» әнімен қарсы алу, сәлемдесу.
Тренинг ережесі:
1.Тыңдай білу.
2.Сөзді бөлмеу.
3.Белсенділік.
4.Шығармашылық.
5.Төзімділік.
6.Сыйластық.
7.Түсіністік қарым-қатынас.
8. Рефлексия.
Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.
Ынталандыру. Жасыл түсті қағаз.
2минут Топқа біріктіру.
Сыныпты топқа біріктіру: «Мозаика» әдісі Суреттер арқылы топқа біріктіру.
Ол үшін мұғалімдердің санына қарай суреттердің жиынтығын алып мұғалімдерге таратып
беру керек.
Топтардың атаулары.
1.Ата-аналар тобы 2.Ата-ана мен бала тобы 3. Балалар тобы Мұғалімнің ұйымдастыруымен ата-ана мен оқушылар 3 топқа бірігеді.

Суреттер.
15минут Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ
Нақыл сөздер
1.Тәрбиенің ең тамаша мектебі- отбасы.
2. Жақсы есім-қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады. 3 Әке суреті де тәрбиелейді, сондықтан суретке де дұрыс түсе біліңдер.
Кинометафора әдісі: Әке. Видеоролик 1.Сіздер бұл фильмде нені көрдіңіздер? 2.Қандай пікір білдіресіздер? Ата-ана мен оқушылар
”Мен білемін “әдісі арқылы алдымен жеке ойланып, топта талқылап, соңында қорытынды ойды айтады.
Топтық жұмыс –Фармативті бағалау. Фильм және слaйд көрсетіледі
10минут
Ой қозғау
«Ойлау туралы ойлану» әдісі арқылы ата-ана мен оқушылар білімін пысықтау.
Ата-ана мен оқушыларға түрлі түсті қағаздар бере отырып, қағаздардың түсі туралы ойларын ортаға салуды сұрайды.
Ата-ана мен оқушылар ойларын ортаға салып, бір-бірлерін тыңдайды.

Жұптық жұмыс –фармативті бағалау.
Түрлі түсті қағаздар.
5 минут Постер жасау. «Бақытты отбасы модулін» салу.
«Тәрбие-отбасынан басталады» тақырыбына сай түрлі түсті қағаздардан апликация жасату.

Видеоролик
«Ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті»
Ата-ана мен оқушылар түрлі түсті қағаздардан тақырыпқа сай апликация жасап, қорғап береді.

«Жанұя гүлі»,«Менің отбасым» Оқушылар шығармашылығы.
(Суреттерді тамашалау) Жұптық жұмыс –фармативті бағалау.
Түрлі түсті қағаздар,стикерлер,маркер.
Видеоролик
2 минут
Сергіту сәті « Қызыл өрік» Ата-ана мен оқушылар билейді. Видеоролик
5минут
Қорытынды бөлім:
Алған білімдерін тиянақтау мақсатында Видеоролик.
«Храните семью»
Үйге тапсырма1. Өтілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып отбасын құру үшін өзіңізге қоятын талаптар тізбесін жасап келіңіздер.2. Өз отбасыңның елтаңбасын жасапкөріңіздер. Ата-ана мен оқушылар бүгінгі сынып сағатына қорытынды жасайды.Ата-аналар мен оқушыларға қызыл түсті қағаздар беріп,қолмен қырқып жүрек жасайды.

Фармативті бағалау, тапсырмалар мен жаттығулар бойынша қорытындылау. Смайликтер.
5минут
Кері байланыс. «Бес саусақ»әдісі.

Рефлексия. «Алты шляпа» әдістемесі
Кері байланысты жазбашатүрінде алу Түрлі-тұстті стейкілер.