?дебиеттік о?удан 4 «В» сыныбында Lesson study т?сілі бойынша ?ткізілген саба?


Әдебиеттік оқудан 4 «В» сыныбында Lesson study тәсілі бойынша өткізілген сабақтың жоспары.
Сабақтың тақырыбы:Көптен безген көгермес. Мұрат Қуанышбеков.
Сабақтың мақсаты:
Мысал ертегі мазмұнын түсініп,идеясын ашуға және әдеби теориялық білім арқылы шығарманың жанрын ажыратуға мүмкіндік беру.Шығарма құрылысын өз бетімен талдауға,ізденуге,шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай жасау.Сыйластық,достық,бірлік қадірін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:плипчарт,маркерлер,6қалпақ,текше,топ аттары жазылған жолақшалар.
Сабақта қолданылған технологиялар: СТО, АКТ,білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі, топпен жұмыс,диалогтік оқыту,дарынды және талантты оқушылар,оқытуды басқару және көшбасшылық,оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру(өлеңді оқыту,критерий бойынша бағалау.)
Сергіту сәті
Топқа бөлу(құстар,жәндіктер,аңдар,жыртқыш аңдар,балықтар,сүт қоректілер.)
Топтық ереже құру(топ басшысын сайлау.)
Ой сергек
Оқушылар текшеге(қырларына) жазылған
1.Жанашыр.
2.Бақыт.
3.Қорқыныш.
4.Өкініш.
5.Ақыл.
6.Бірлік.(сөздерінің бірін таңдап алуы керек)
Таңдаған аттарға:
1-топ.Жанашыр хат жазу
2-топ.Бақыт эссе жазу.
3-топ.Ақыл.5жолды өлең.
4-топ. Қорқыныш анықтама жазу.
5-топ.Өкініш ертегі жазу.
6-топ. Бірлік мақал жазу.
Жұмысты қорытындылау арқылы жаңа сабаққа көшу.
Мағынаны тану.
-Олай болса, бүгін біз өздерің жазған сезімдер мен ұғымдарды басынан кешірген кейіпкер туралы қызық мәтінмен танысамыз,-деп сабақтың тақырыбы және авторымен таныстыру. Қазір бұл мысалды Эдвард де Боно ойлаудың 6 қалпағы бойынша талдап,іздненісте боласыңдар.Мысалды оқи отыра білетін ,білмейтін сөздер кездессе,түртіп дәптерлеріңе жазып отырыңдар.(түртіп алу стратегиясы,дәптермен жұмыс.)
Оқушылардың ойлаудың 6қалпағы бойынша салған жауаптары (мазмұны)тыңдалады.
Жоғарыда айтылған осы оқиға барысында өздерің жазған қандай сезімдер мен ұғымдардың қайсысы байқалды? (жанашыр,ақыл,бақыт,қорқыныш)
-Қоңызды шын жанашыр деп ойлайсыңдар ма?
-Құмырсқа бақытты ма? Бақытты болуы ұзаққа созылды ма? Неліктен?
-Енді соңғы бөлімнің өкінішке байланысты мына мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін идеясын ашады?(оқушылар топпен ізденеді)
Өмір-үлкен мектеп.
Өлмегенге өлі балық жолығады.
Адасқанның айыбы жоқ...
Ат айналып қазығын табар.
Өздерің басқа қандай мақал-мәтелдер дайындар едіңдер?
Дарынды балалармен жұмыс.Дос-жолдассыз өмір сүрудің қиындығын әңгімелеп жаздыру.
Ойтолғау.
Бірлік,жүк, түбі,көтерген,бірігіп,жүк,тірлік, жеңіл деген сөздерден екі мақал құрастыру. Шыққан мақалдардың бірін мағыналық негіз етіп,сынып өмірінде болған оқиғаға байланысты ауызша әңгіме айтып беру.
Рефлексия (оқушылар жұбымен бір минуттық пікір алысу)
Өзін өзі бағалау