Заттарды санау. Разрядтар мен кластарды ??ру. Тура с?ра?ы болатын («…бірлік арты?», «…есе арты?») есептерді салыстыру


Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Заттарды санау. Разрядтар мен кластарды құру. Тура сұрағы болатын («...бірлік артық», «...есе артық») есептерді салыстыру
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Тақырыбы: Заттарды санау. Разрядтар және кластар. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер.
Мақсаты: Заттарды санау, разрядтар және кластар ұғымын кеңейту, тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шеше білуді үйрету.
Білімділігі: Разрядтар және кластар ұғымы туралы білмдерін кеңейте отырып, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылығы:  Ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Зейінділікке, белсенділікке, пәнге қызығушылыққа  тәрбиелеу, белсенділігін арттыру;
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Көбейту кестесін еске түсіру Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.
Дәптермен жұмыс.
Қосымша тапсырма:
1-ден 10-ға дейін санау.
10-10-нан санау,         100-100-ден санау.
ә)  10бірлік= 10;     10*10=100;      10*100=1000.
2-ші кластың бірлігі:
б)  1000, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000.
1000*10=10000-1ондық мың деген сөз.
10000*10=1000000
бірлік,   ондық,    жүздік,    бірлік класы
3 разрядтың бірлігі болады.
Бірлік мыңдық,  ондық мыңдық,  жүздік мыңдық мыңдар класын құрайды.
Кесте бойынша жұмыс жасау.
Сергіту сәті 1.     Атадан 10 боламыз,
    Бір-бір жастан арамыз.
    Қосылып кейде басымыз,
    Азайып кейде қаламыз.
    Бөлініп кейде арамыз,
    Көбейіп те аламыз.(цифрлар)
2.     Бүтін, бөлшек бөліктерден
    Үтір айырып тұрады,
   Осы санның кім біледі   Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)
3.     Түзудің бір бөлігі
    Екі шеткі нүкте көрігі
    Ұзындығы және бар
    Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
4.     Нәрселерді санағанда
    Керек ол бізге ауадай   Айтыңдаршы бұл қандай сан
   Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)
5.     Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
    Құралған фигура бар қарапайым.
    Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
    Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)
6.     Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді    Көңілге армандаған қана бермейді.
    Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
    Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)
Ой толғаныс Екі таңбалы санға толық  ондықты  қосу.  Екі  таңбалы  саннан  толық  ондықтарды  азайту.              1-топ
 1)  23+10           43-10        60+35          92-60
     17+30           65-30         42+40           83-50
   40+54           94-60         39+20           48-30    
   20+72           85-40         48+30           72-60
       2)  24+30-20       47+50-7         75-50+40     
          60+31-50        29+70-9        26-20+90
           49-20-20         67-40+50      34+30-60 
2-топ
 1) 49*69      91*81         25*25+10
      73*43       56*66         37*37-20 
 ә)45-40*6          72-40*35         49+20*30   22+70*91        63-50*15         95-40*52
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс