Математика 1 «б» сынып Саба?ты? та?ырыбы: Есеп. ?анша арты?? ?осу ж?не азайту. Саба?ты? ма?саты: Білімділігі: Есеп шы?ару, арты? туралы білімді бекіту, жай есептерді? мазм?ны бойынша амалды та?дай алу білігін жетілдір


Математика 1 «б» сынып
Сабақтың тақырыбы:  Есеп. Қанша артық? Қосу және азайту.Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Есеп шығару, артық туралы білімді бекіту, жай есептердің мазмұны бойынша амалды таңдай алу білігін жетілдіру.
Сабақтың дамытушылығы: Сөйлеу тілін, қабілеттерді, өздігінен әрекеттенуді, есептерді жазуға және салыстыруға. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре  отырып шығаруда қолдану біліктігін, ойлау қабілетін және шығармашылық қабілетті дамыту.Сабақтың тәрбиелігі: Дұрыс есептеуге, шапшаң әрі түсініп есептеуге, сауатты жазуға үйрету.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап “Шапшаң есепте”, “Кім шапшаң”
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру.
Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.
— Біз сабақта … (отырмыз).
Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын … (көреді).
Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын … (естиді).
Басымыз жақсы … (ойлайды).
Біз сабаққа … (дайынбыз).
ІІ. Үй жұмысын тексеру, пысықтау. Ауызша мысалдар шығарту, оқыту, талдату..Сабақтың барысы: І. ҰйымдастыруІІІ. Жаңа сабақ:   Суретпен жұмыс.Бірінші бумада 6 кітап, ал екінші бумада 4 кітап бар. Бірінші бумада неше кітап артық?Шарты: Бірінші бумада 6 кітап 6 — 4  = 2 Екінші бумада 4 кітап
Шешуі: 6 — 4  = 2
Жауабы: 2 кітап артық.IY. Жаңа сабақты пысықтау.а) . № 2 - тапсырма. Үшінші санды таңдап ал. Осы сандарды пайдаланып, тура теңдіктер құр.5           4ә).  Өзіндік жұмыс:Екінші қосылғышы 4 болатын қосындылар жаз. Қосылғыштардың орындарын ауыстыр. Өрнектердің мәндерін тап.Y.    Сергіту сәтіYI.  Тақтада жұмыс. № 3 – тапсырма. Есеп құрастыр және шығар:Қалам – 4                                                       Қарындаш - ?, 4 - еуі артық.                                 Шешуі: 4 + 4 = 8Жауабы: 8 қарындашМысалы: Үстелде 4 қалам және одан 4 - еуі артық қарындаш болды. Үстелдің үстінде неше қарындаш жатыр?а). Дидактикалық ойын     « Көрші санды тап»ә). Карточкамен жұмысYI. Қорытындылау.    БағалауYII. Үйге тапсырма беру.   № 5, жасыл қоршау