Видео а?паратты ??деу, видео файлдарды? пішімі, видеоны ??ру ж?не ??деу бойынша программалары, программа интерфейсі.


Сабақтың тақырыбы: Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі.
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows Movie Maker бағдарламасы, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Windows Movie Maker бағдарламасы, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың ой-өрісін, білім-білік дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
ҰйымдастыруӨткен материалдарды қайталау сұрақтарыЖаңа сабақты түсіндіруПрактикалық жұмысСабақты бекітуҮйге тапсырмаІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
Деректер қоры дегеніміз не?
Деректер типтері?
Кесте дегеніміз не?
Кесте құру түрлері?
Сұрыптау дегеніміз не?
ІІ. Жаңа материалды түсіндіруWindows Movie Maker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.
Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.
Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.
Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.
Windows Movie Maker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.
Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.
Жоба - раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. Windows Movie Maker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmm болып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.
Фильм – бұл фильмді сақтау шеберінің көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге болады.
Кадр - саны жағынан көп кескіндер жинағының бейне көрсетілімі.
Клип – үлкен көлемдегі бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.
Жоба файлы - ағымдағы импортталған немесе жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының құрылымы туралы мәлімет.
Шығыс файлы – бұл ағымдағы жобада импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе кескін файлы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы көрсетілетін дайын клип – бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа орынға ауыстыру ұсынылмайды.
Windows Movie Maker бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм сияқты сақтауға болады.
Windows Movie Maker-де жазылғандар мазмұны Windows Media форматында сақталады.
Windows Movie Maker жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға болады:
Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.
Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.
Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.
ІІІ. Практикалық жұмысWindows Movie Maker бағдарламасында суреттерді пайдаланып видео дайындау.
ІV. Сабақты бекіту сұрақтарыWindows Movie Maker қандай бағдарлама?
Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нелерді пайдаланамыз?
Жоба дегеніміз не?
Жинақ дегеніміз не?
Фильм, кадр, клип терминдері нені білдіреді?
Жоба және шығыс файлдары дегеніміз не?
Қандай типтегі файлдарды импорттау арқылы қолдануға болады?
ІV. БағалауСабаққа қатысып және тапсырмаларды орындағандарды бағалау.
V. Үйге тапсырма: лекция оқу, фильм құру үшін материалдар жинақтау.