Та?ырыбы: Жай сандар, ??рама сандар (5 класс)


Сынып: 5 «б »
Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жай сандар және құрама сандар ұғымымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгелдеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
2. Үй тапсырмасын тексеру № 243, № 246 , № 252
1. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
2. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,жай сандар кестесі, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы: Жай сандар және құрама сандар жайлы мәлімет беріп, ережелерді түсіндіріп,нақты мысалдар келтіру арқылы түсіндіру
Жаңа сабақты меңгерту: Интерактивті тақтада ережелер жазулы тұрады.
1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Мысал: 13 және 101 жай сандар
Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды
Мысал: 8 саны -құрама сандар, бөлгіштері: 1,2,4,8.
Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды.
Есептер шығару. Сыныпта 648-653
№648. Жай сандарды бір жолға,құрама сандарды екінші жолға жазыңдар
61,97,66,128,139,201,311,450,502,503,641,864,879,991.
Жай сандар:61 ,97, 311, 641, 879,991
Құрама сандар:66,128,201,450,502,864,
№ 258 -263 жазбаша тақтада орындау

5. Сабақты бекіту кезеңі:
1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: §10 сұрақ 1-3, № 267-272