Саба? жоспар Жай сандар ж?не ??рама сандар (5 сынып )


Сабақ реті 61
Пәні: Математика
Сынып 5 А,Б Сабақтың тақырыбы: §4.5 Жай сандар және құрама сандар
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Танымдымдық қызығушылықты дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: ДКҚ №40 , Жай сандардың кестесін пайдалану
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мәнберу
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Сұрақтар:
1) 9 санына еселік сандар 3 санына еселік бола ма?
2) 100 алманы 3 жәшікке тең етіп салсаң, неше алма артық қалады?
3) 10 асықты 3 балаға тең бөліп берең, неше алма артық қалады?
№245 9 санына еселік санды жазу керек:
420<42*<426, 423
375<37*<381, 378
563<56*<569, 567
№248 Марат сатушыға 600 тенге берді де, бағалары бірдей 9 лотерея билетін теңге есебімен сатып алды. Ол сатушыдан қайтарым ақшаға 55 теңге ала ма, әлде 60 теңге ала ма немесе 40 теңге ала ма ? Лотерея бағасы неше теңге?
9*60=540
Марат сатушыдан қайтарым ақшасы 60 теңге. Себебі ол әр лотарея билеті 60 теңгеден алды.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1) 1-ге және өзіне бөлінетін натуралсандарды жай сандар деп атаймыз
Мысалы: 13 және 101 - жай сандар
13 санының бөлгіштері: 1 және 13
101 санының бөлгіштері: 1 және 101
Ең кіші жай сан – 2 саны.
2 саннан басқа жай сандардың барлығы тақ сандар, сонда 2 саны ғана жұп сан
Жай сан шексіз көп.
2) Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.
Натурал сан Бөлгіштері Бөлгіштер саны
35
41
26
11
1
18 1,5,7,35
1,41
1,2,13,26
1,11
1
1,2,3,6,9,18 4
2
4
2
1
6
Кестедегі 35,26,18 сандары құрама сандар.
Мысалы, 8 саны құрама сан, бөлгіштері 1,2,4,8
24 саны құрама сан, бөлгіштері 1,2,3,4,6,8,12,24
3) Натурал сан 1-дің бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі – 1 саны.
1 саны жай сандар тобына да, құрама сандар тобына да жатпайды.
Мысалы: жай сандар:17,23,31,97
құрама сандар:28,36,70,96,120,185,207
Сыныпта шығарылатын есептер:
І-деңгей №650, 653, 657, 658, 667
шығармашылық деңгей қиындығы жоғары есептер
Оқушыларға берілетін таратпалар мұғалімнің қалауы бойынша жасалады.
№650
Жай сандар қатарындағы екі тізбектес және айырмасы 2-ге тең сандар егіз сандар деп аталады.
Мысалы, 3 пен 5, 5 пен 7, 11 мен 13 сандары егіз сандар.
Жай сандар кестесін пайдаланып, 1- ден 100-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар:
17 мен 19, 29 бен 31, 41 мен 43, 71 мен 73 сандары егіз сандар.
№653 Дүние жүзіндегі екінші ұстаз , қазақтың ежелгі ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби отырарда дүниеге келіп, 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген. Неше жай сандар бар?
877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947 сонымен 11 жай сан бар екен.
№657
1)10=7+3 18=1+17
12=1+11 24=11+13
30=23+7 42=31+11
68= 61+7
2) Мына сандарды екі жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу керек:
22=2*11, 35=5*7, 77=7*11, 65=5*13, 69=3*23, 95=5*19
№658
а=7 см
b=13 см
h=5 см
V=abc=7*13*5=, 455 саны құрама сан
№667
Баeыржан 5 дәптер мен 2 альбом үшін 130 теңге төледі.
Меруерт сондай 3 дәптер мен 2 альбом үшін 114 теңге төледі.
Дәптер мен альбом неше теңге тұрады?
дәптер – х
альбом – у
5х+2у=130
3х+2у=114 Бір-бірінен шегереміз. Сонда 2х=16, х=8
2у=130-5*8
2у=130-40
2у=90
у=45
жауабы: дәртер 8 теңге, ал альбом 45 теңге тұрады.
Қосымша
№1 жай сандарды кему ретімен: 79,53,47,19
құрама сандарды өсу ретімен: 62,99,121,129
№2 Амалды орындау:
5856:(61·16)-3060:(51·15)=(5856:61)·16-(3060:51)·15=96·16-60·15=1536-900=636
4374:(18·81)+3680:(23·32)=(4374:81)·18+(3680:32)·23=54·18+115·23=972+2645=3617
Оқушыларды бағалау
І-деңгей «3»
ІІ-деңгей «4»
ІІІ-деңгей «5»
Сабақты бекіту: Жай сандар мен құрама сандарды оқушылардан сұрап, қайталатып бекіту.
Үй тапсырмасы: №656,665
Пән мұғалімі: Тулешова Назерке Ерболатқызы