Жай сандар ж?не ??рама сандар. (5сынып)


Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18орта мектеп мемлекеттік мекемесі.
Математика пәні мұғалімі Орынбаева Салтанат Ахметовна.
Сабақтың тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету.
2.Дамытушылық: Оқушылардың есте ұстау, өз бетінше қорытынды жасау қасиеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды еңбектенуге, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғым меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың құрылымы:
I..Ұйымдастыру кезеңі.
II. Ой-қозғау.
III. Жаңа сабаққа дайындық.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Қатесін тап.
VIII. Тарихи аялдама.
IX. Үйге тапсырма.
X. Сабақты қорытындылау.
XI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен амандасу.
2) Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
3)Сыныптың тазалығына мән беру.
II.Ой-қозғау.
1)Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
2) Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
3)Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді?
4) Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді?
5) Қандай натурал сандар 10-ға бөлінеді?
6) Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
7) Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?
III.Жаңа сабаққа дайындық:
1)Мына сандардан екі ғана бөлгіші бар сандарды бір жолға, екіден көп бөлгіші бар сандарды екінші жолға жазыңдар: 2, 5, 6, 8, 11, 15, 16, 17, 32, 43, 45, 51, 67, 69.
2)1-ге және өзіне ғана бөлінетін 6 екі таңбалы сан жазыңдар.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Үйге алдын-ала даярлық тапсырмасы беріледі. (Кесте бойынша барлығын үйге беру, оқып тексеру, біреуін тақтаға жазу)
35------1, 5, 7, 35. Демек 35 санының бөлгіштер саны төртеу.
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, кестедегі қалған сандардың бөлгіштері мен бөлгіштер санын айтып түсіндіреді.
Қорытынды: Жай сандар деп қандай сандарды атаймыз? Ал құрама сандар деп қандай сандарды атаймыз? 1 саны қандай сан? 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма? Жұп жай сан бар ма? Егіз сандар дегеніміз не?
V.Оқулықпен жұмыс.
I -деңгей: №648, №649, №651.
II деңгей: №656(2), №657(2).
III деңгей: №665.
№648.
Жай сандар: 97, 139, 311, 503, 641, 991.
Құрама сандар: 66, 128, 201, 450, 502, 864, 879.
№649.
13, 15, 17, 35, 37, 57, 31, 51, 71, 53, 73, 75.
1)Жай сан: 13, 17, 31, 37, 53, 71, 73.
2)Құрама сан: 15, 35, 51, 57, 75.
№651. 1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28, 37 сандарынан
1)Бір ғана бөлгіші бар сан: 1.
2) Екі ғана бөлгіші бар сан: 3, 7, 23, 37.
3) Екіден көп бөлгіштері бар сан: 6, 9, 15, 28.
№656. Натурал санның 2-ге, 3-ке, 5-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, дәлелдеңдер: 2) 17, 23, 43, 67, 89, 103 сандарының жай сандар екенін:
17 = 1 * 17; Бөлгіштері: 1, 17; 17 – жай сан.
23 = 1 *23; Бөлгіштері: 1, 23; 23 - жай сан.
43= 1 * 43; Бөлгіштері: 1, 43; 43 - жай сан.
67= 1 * 67; Бөлгіштері: 1, 67; 67 - жай сан.
89= 1 * 89; Бөлгіштері: 1, 89; 89 - жай сан.
103= 1 * 103; Бөлгіштері: 1, 103; 103 - жай сан.
№657.2) Мына 22, 35, 77, 65, 69, 95 сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар:
22 = 2 * 11;
35 = 5 * 7;
77 = 7 * 11;
65 = 5 * 13;
69 = 3 * 23;
95= 5 * 19;
№665. х-тің қандай мәнінде
1)17х өрнегінің мәні жай сан болу үшін х = 3, х = 9 болу керек.
Сонда 173, 179.
2)23х өрнегінің мәні жай сан болу үшін х = 3, х = 9 болу керек.
Сонда 233, 239.
3)37х өрнегінің мәні жай сан болу үшін х = 3, х = 9 болу керек.
Сонда 373, 379.
VI. Сергіту сәті: 1)Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?
2) Осы сандардың жай сан немесе құрама сан екенін анықтаңдар.
3) Құрама санның неше бөлгіші бар екенін табыңдар.
VII.Қатесін тап:

I-топ II-топ III-топ
42 саны жай сан.
72 саны құрама сан, оның 4 бөлгіші бар.
101 саны жай сан.
110 саны құрама сан, оның 3 бөлгіші бар. 97 саны жай сан.
48 саны құрама сан , оның 8 бөлгіші бар.
107 саны құрама сан, оның 3 бөлгіші бар.
89 саны жай сан. 33 саны жай сан.
71 саны құрама сан, оның 5 бөлгіші бар.
127 саны жай сан.
105 саны құрама сан, оның 3 бөлгіші бар.
VIII.Тарихи аялдама.
1)Евклид қай ғасырда өмір сүрген?
2)Эратосфен елегі деп не үшін аталған?
3)Жай сандарды зерттеген және қандай ғалымдарды білесіңдер?
IX. Үйге тапсырма:
I-деңгей. №650, №652
II-деңгей. №656(2), №657(1)
III-деңгей. №667.
X. Сабақты қорытындылау. «Эратосфен елегі» тәсілін пайдаланып 2ден 20-ға дейінгі жай сандар кестесін дайындаңдар.
XI. Бағалау.