Шы?армашылы?тан Ал?аш?ы г?лдер саба? жоспары


Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс –әрекеті: сурет салу
Тақырыбы: Алғашқы гүлдер.
Мақсаты: 1. Көктем туралы түсінік беру, бақылап көру арқылы сурет салу.
2. Гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың
пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету.
3. Балалардың шығармашылығы мен қиялдарын дамыту.
Керекті құралдар: Көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель балу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
Сабақтың барысы
1Ұйымдастыру кезеңі
Балаларға көктем туралы, көктемде болатын ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.
Сұрақ –жауап
1. Көктемде ағаштар қайтеді?
2. Ең алғашқы гүл қалай аталады?
3. Тағы басқа қандай гүлдер өседі?
Гүлдердің әсемдігі, сұлулығы туралы балаларға айтқызу. Көктемнің алғашқы дала гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау.
Әдемі, сұлу гүлдердің иістеріде хош иісті болып келетінін айтып түсіндіру.
Жайнатамын даланы,
Қуантамын ананы.
Қызыл, жасыл гүлмін,
Бақыт сыйлап жүремін.
Осы алғашқы көктемгүлдерін бүгін біз өзімізде суретке салатынымызды айтып ұғындыру.
Суреттің салу реттілігін түсіндіріп, үлгі сурет салады
Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату ұсынылады.
Балалардың жұмысын бақылап, дұрыс жасауларына көмектеседі.
Сергіту жаттығуы
Көбелек –ау, көбелек,
Әдемісің керемет.
Гүлге келіп қонағой,
Өзіңде гүл болағой.
Оқу іс- әрекет соңында балалардан салған суреттерін бір –біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау
Сабақты қорытындылау.
1. Көктемде ауа райы қандай болады?
2. Ең алғаш қандай гүл өседі?
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.