?аламшар ?ажаптары саба? жоспары


Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Бекітілді: оқу ісінің меңгерушісі
Күні: 20.02.2016ж
Тақырыбы: Ғаламшар ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау;
Пән мұғалімі: Суатова Тогжан Болатовна
Сыныбы: 7 «а, ә» сынып Оқушы саны-17,19
Мектебі: Қаракөл орта мектебі
Мақсаты:
Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.
Міндеттері:
- оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;
- қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;
- қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, шарлар
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу.5Т
Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық. Үй тапсырмасын тексеру
Ұ.Доспанбетов
Ғарыш әні
Автор адамның ғарышпен байланысын не арқылы көрсетеді?
Ғарыш әні қандай болу керек деп ойлайсың?
Айналамыздағы әсемдікті сезінуге сендерге не көмектеседі?
Қоршаған ортадан еш сұлулықты көрмейтін адамдар бола ма?
Адам сұлулықты сезіну үшін не істеу керек? Дәйексөз
«Ғаламның ғажайып сыры - адамда»
Чарльз Дъюк Мұғалім сыйы
Әр адамға туған жері,Отаны, туып өскен өлкесі қымбат.Сәби дүниеге шыр етіп  келгенінен бастап оған бұл жер өте ыстық,тіпті оны өз анасындай көруі тиіс.
   Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жрге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең,Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың.Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың.Бұл барлық адамда болтын сезім.Атамекенің-алтын ұяң.Тіпті алтыннанда қымбат.
    Туған жерге аралған ақын-жазушылардың  көптеген өлең-жырлары қаншама десеңші.Туған өлкені ештеңемен айыр бастауға болмайды.Атамекен әнін Ескендір Қасанғалиев атамыз көңілдің күйін, жүректің сырын шертіп,үлкен толғаумен патриоттық сезіммен айтады.Атамекенін әнге қосып айтқан адам туған жерін өте қадір тұтады.
     «Туған өлкең-шешірең»демекші адам өз туған жерінің өмір тарихын білуге тиіс.Туған жерің-тұғырың, өскен елім өзегің болып табылады.
Сырттан көрген адам қанша жамандап «мынау мынандай»,»анау анандай» деп айтса да бәрі бір адмға өз Атамекені көк майсалы таза ауалы, ну орманды көрікті болып тұрады.сенің биікке көтеретін осы сенің бақытты болып жүргенің Атамекеніңнің арқасы.Сондықтан мекенім елім менің тірегім, сарқылмайтын қуатың, мәңгі соққан жүрегің болып қала бермек. «Шығармашылық жұмыс»
Оқушыларға мәтінде айтылған ойды тұжырымдап, өз сөздерімен ауызша әңгімелеп беру тапсырылады. Топпен ән айту.
Әлия
Өлеңін жазған: Б.Тәжібаев
Әнін жазған:  С.Бәйтереков
 
                        Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
                        Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
                        Аққу құстың бейне бір баласындай,
                        Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
 
                               Әлия – ару қызы сен халқымның,
                               Әлия – батыр қызы сен халқымның,
                               Ерке құсы сен даламның!
 
                          Саған белгі орнатқан мәрмәр тастан,
                          Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
                          Саған күнде жазылған көркем дастан,
                          Саған күнде құшағын көктем ашқан.
  
                          Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
                          Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
                          Туған жердің төсінде мәңгілікке,
                          Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.
 
          Үй тапсырмасы
Адам және ғалам
Я.Головановтың ізімен
Жер ғарышкерлер көзімен
Тоқтар Әубікіров Соңғы тыныштық сәті.
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін, сендерге көп-көп рахмет айтамын!