?зін — ?зі тану саба? жоспары Ту?ан жерді? ?ажаптары


Өзін-өзі тану
3 сыныпСабақ тақырыбы: Туған жер ғажаптары
Мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «туған жер», «атамекен» ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту.
     Міндеттері: Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
-         табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;
-         табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, мәнерлеп оқу, бейнефильм көру, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, интерактивті тақта, сұрақ-жауаптар.
     Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа, «Көлсай» филімі.
 
Сабақтың өту барысы
     1 слайд. Шаттық шеңбері. «Табиғаттағы дыбыстар»
     Балалалар мұғаліммен бірге қол ұстасып, дөңгелене тұрып, өлең жолдарын оқиды.
Әңгімелесу.
     Сабақ тақырыбымен таныстыру мақсатында мына сұрақтар арқылы әңгіме жүргізіледі.
2 слайд.
1.     Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады?
2.     Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?
3.     Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?
4.     Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?
Оқушылар жұптасып отырады.
3 слайд. Сергіту «Ауа райын болжау».
1.     Бүгін ауылда күн ашық. (бір-бірлерінің арқасын сипау)
2.     Көп облыстарда күн бұлт. (жұдырықпен сипау)
3.     Жаңбыр жауып тұр. (саусақтарымен тарсылдату)
4.     Ауылда күн ашық. (арқасын сипау)
5.     Күн сәулесі нұрын төгіп тұр. (қолдарын қосып, шаңырақ жасау)
4 слайд. Жаңа ақпарат.
     Табиғаттың сан алуан ғажаптары адамға ерекше әсер етеді.
     Табиғат адамға шабыт беріп, шығармашылығын шыңдай түседі.
     Оқушылар жаңа ақпаратты оқып, өз ойларын білдіреді.
 
Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларға «Күн мен гүлдер» атты әңгімесін оқып, талдау тапсырылады. Оқушылар кезектесіп оқып, негізгі идеясын түсініп, айтып береді.
Рөлге бөліп оқиды.
5 слайд. Сұрақтар.
1.     Табиғаттың қандай көрінісі балаларды таңқалдырады?
2.     Балаға табиғат қандай шабыт берді?
3.     Кейіпкер күнделігіне не жазды деп ойлайсыңдар?
Өзіммен-өзім релакциялық тәсіл. (музыка ойнайды)
-         Балалар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңдіжұмыңдар. Жап-жасыл табиғат әлеміне еніп барамыз. Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп-тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз. Енді біреуіміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айтып келеміз. Қыздар болса, көлдегі аққудай сызылып билеп барады. Ұлдар болса, қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыздан жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды. Әкелеріміз бен аталарымыз асқақтаған асқар биік тау болып, ақ батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Табиғаттың түстері мен реңктері, әрекеттері мен құбылыстары, аңдары мен құстары «Бізбен бірге» екендігін сезініп келеміз. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.
Бейне көрініс көрсету. «Көлсай» филімін көреді.
Көлсайдың табиғаты сендерге несімен ұнады?
Бұл жерді неліктен «ғажап жер» деп атаймыз?
Қазақстанның осындай жерлерін сақтауға қандай үлес қосар едіңдер?
     Бүгінгі таңда Көлсай – бүкіл қазақ жерінің мақтанышы болып отыр. Өйткені оның дертке шипа ауасы, хош иісті даласы, сансыз дәрілік шөптері, мөлдір таза суы, бағалы байлығы, сирек кездесетін аң-құстары адам баласына әсер етпей қоймайды. Сондықтан да бұл көлді «табиғаттың баға жетпес жауһарлары» деп атайды. Мұндай жерлерді қорғауға алу – туған жердің әсем табиғатына, балалар болашағына деген қамқорлықты білдіреді.
Дәптермен жұмыс.
     Оқушылар бейнетаспадан алған әсерлерінен эссе жазады.
Шығармашылық жұмыс. «Туған жердің табиғат ғажаптары»
1 топ. 1 шумақ өлең шығару.3 топ. Сурет салу.
2 топ. Шағын әңгіме жазу.
6 слайд. Дәйексөз.
     Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі.
Ш. Айтматов
     Адам өзінің рухани дүниесін табиғатты тану арқылы толықтырады да, өзін сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде санайды.
Қорытынды. Бүгін сабақта не білдік? Ой қорыту.
Жүректен-жүрекке. «Атамекен» әні орындалады.