Саба? жоспары ?зін-?зі тану ТАБИ?АТ ?АЖАПТАРЫ


Мектеп: №16 орта мектеп Мерзімі:19.04
Мұғалім: Өтесін Айман Сынып: 5 «ә»
Тақырып: Табиғат ғажаптары
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер:Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.
1. Білімділік: «Табиғат», «табиғат ғажайыптары» ұғымдарының түсініктерін кеңейту;
2.Дамытушылық: Айнала қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, қамқорлық жасауға баулу;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қиянат жасамауға тәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар,мәліметтер)
Оқулық,дәптер,слайдСабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, топқа бөлу. Тыныштық сәті: Мұғалімге арналған нұсқаулық авторы/ Р.АМұқажанова.
Орманға ойша серуенАрқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
ЕскертуДәйексөз:

«Қайырымдылық іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
Халық нақылыӘңгімелеу «Бала және інжугүл қоңыраулары»
Сұрақтар:
1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
4. Інжугүлді бала неліктен жұлмады?
5. Егер сендер баланың орнында болсандар, не істер едіңдер?
Қиянат жасамау дегеніміз ол:
Жақсы ой ойлау – ісіңің дұрыстығы,
Жақсы сөз айту – өмірдің тыныштығы,
Жақсы әңгіме тыңдау – көңілдің кереметі,
Жақсылықты көре білу – адамның дұрыс әрекеті,
Дұрыс тамақтану- деніңнің саулығы,
қиянат жасамау адамның адамдығы.
Шығармашылық топтық жұмыс:
1 топ: Жағдаяттарды шешу2 топ: "Табиғат ғажаптары" өлең шығару3 топ:"Табиғатқа қамқор болайық" сурет салу
Топпен ән айту. Әні: Ескендір Хасанғалиев Атамекен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілемКөк кілемде көп аунаймын, көп күлемМаңдайымнан сипап өткен самалдыҚазағымның алақаны-ау деп білемҚайда жүрсең ата мекенКөкейіңде жатады екенКүннің өзі ұясынаҚыймай оны батады екенЖасыл жайлау - түкті кілем, көк кілемКөк кілемде көп аунаймын, көп күлемКүннің нұрын, айдың аппақ сәулесіҚазағымның махаббаты-ау деп білемҚайда жүрсең ата мекенКөкейіңде жатады екенКүннің өзі ұясынаҚыймай оны батады екенҮй тапсырмасы: "Табиғатты аялаймыз" эссе жазуСабақтың соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланып,жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!.