Математика саба?ына ашы? саба? Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба? (5 класс)


Күні: 28.10.2015 ж
Сынып: 5 «ә»
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушылардың білімдерін ,білік дағдыларын кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
2)Оқушылардың зейінін ,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3)Оқушыларды ізденімпаздылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Cайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер,буклет т.б
Барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Іріктеу кезеңі(логикалық сұрақтар)
3.Кім көп біледі (мақал-мәтел сайысы)
4.Кім жүйрік (жаңылтпаш айту)
5.Ойлан тап (жұмбақ айту)
6.Қорытынды.
Мұғалім:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, дей келе бүгінгі « Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ» атты сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайыстың әділ шешімін айтатын әділ қазымызды сайлап алайық.
1.Қазақ әдебиет пән мұғалімі: Ж Шыныбекова,
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгелдеп,сайысымыздың шарттарымен таныстырам , яғни әрбір кезеңде ең аз бал жиған оқушыны ойыннан шығарамыз
2.Іріктеу кезеңінің сұрақтары:
1.Ең кіші жай санды ата? (2)
2.5 таяқтың неше ұшы бар? (10)
3.1 сағатта неше минут бар?(60)
4.9 санымен аяқталатын сан берілген,ол 200ден артық 210-нан кем.Берілген санды тап?(209)
5.Қандай санды 6 есе кемітсек 6 шығады?(36)
6.Столдың 4 бұрышы бар,егер 1 бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады.?(5)
7.1 км де неше метр бар?(1000м)
8.2 жұмыртқа 3 минутта піседі,ал 1 жұмыртқа ше ? (3)
9.81-71?(10)
10.Әкесі 45 жаста,баласы 16 жаста.Әкесі баласынан неше жас үлкен(29)
11.1дм неше см бар?(10)
12.5 санымен аяқталатын сан берілген, ол 300 ден артық,310 нан кем.Берілген санды тап?(305)
13.6 пар ат 30 км-ге шапса,әр ат неше км –ге шапқан?(30)
Мұғалім : Ал,балалар ,балалар.
Мақал –мәтел айтайық
Асулардан асайық,
Білім шыңына біз жетейік.
Кедергіні жеңейік.
Бұл кезеңінде « Кім көп біледі» сандармен берілген мақал-мәтел айтып жарысады.
Оқушылар:
- 2 жақсы қас болмас,2 жаман дос болмас.
- 7 атасын білмеген жетесіз
- Білекті бірді жығады ,білімді мыңды жығады.
- Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.
- 5 бармақ жұмылса жұдырық болады.
- 30 тістен шыққан сөз 30 рулы елге тарайды.
- 100 теңгең болғанша, 100 досың болған артық.
Мұғалім :
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып,асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап ,зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отырып ендігі кезекте «Кім жүйрік» анықтау үшін жаңылтпаш айтамыз.
1.Рационал сан,иррационал сан
Иррационал сан, рационал сан
Біріккен сан,болған сан
Нақты сан деп аталған сан
2.Шеңбер,шеңбер доп емес
Доп сияқты,доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес
3.Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш
Тең-тең бұрыш,тұтас бұрыш
Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш
Сәйкес бұрыш,құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш,құрған бұрыш
Мұғалім:
Ал кәнекей балалар,
Құлақ салшы сөзіме.
Сұрақ берсем берейін,
Жұмбақтардан өзіңе – деп, келесі кезеңде. «Ойлан тап» жұмбақ шешу
1.Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа,
Қалады сонда қанша алма?(24)
2.Біз санбыз ......
Сызықпыз бөлінген.
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген.
Дұрыс,бұрыс,аралас,
Ондық болып бөлінген (бөлшек сан)
3.Доп емес,дөңгелек емес
Ұқсас бірақ достарым.
Тыңда ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым(шеңбер)
4.Бірдей санды бірнеше рет.
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?(дәреже)
5.Алды артымыз тексіз де,
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді,
Шыққан тегін білсін де(түзу)
6.Қос құлақты жүз тісті,
Жүзінен бірақ із түсті (ара)
7.Жүз мүйізі бар,үстінде киізі бар (киіз үй)
8.Басқа кисең бөрік,сәнді сұлу көрік (конус)
Қорытынды:
Мұғалім:
Ең бастысы,орын емес жарыста
Терең білім,жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,
Өмірде де жетерің хақ ,табысқа-дей отырып бүгінгі « Мың бір мақал ,
жүз бір жұмбақ» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз.




Пән мұғалімі: Калибекова А
2015-2016 оқу жылы