Ересек топтар?а арнал?ан технологиялы? карта


№17 Ұйымдастырылған оқу іс-әретінің
технологиялық картасы
Ересек топ – Родничок ай – Қаңтар _____________
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Қыс қызықтары
Мақсаты: Балаларға қыс қызықтары туралы түсінік беріп, қазақ тілінде аттарын атауға үйрету. Балалар сөздік қорларын дамыту, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру.
Міндеті:
Білімдік: Қыс қызығы туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеуҰйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс –тәсілі: Түсінік беру, әңгімелесу, суретпен жұмыс, іздену жұмысы, дидактикалық ойын – «Қай мезгіл?», артикуляциялық жұмыс, жаттау
Сөздік жұмыс: Қыс қызығы, қар, аяз, суық
Билингвалды компонент: Қыс қызықтары- зимние интересы, Қар - снег, Аяз – мороз, Суық – холодно
Технологиялар: Мурашковска
Пән аралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу, тіл дамыту
Көрнекіліктер: Сурет, ойыншықтар, карточкалар,
Сауықтыру міндеттері:саусақ жаттығуы «Менің отбасым», дем алу жаттығулары «Шаңғышы», көзге арналған жаттығу «Жел», Сергіту сәті «Аман бол»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: топ - топпен
Әрекет кезеңдері Маман
іс – әрекеті Балалар
іс - әрекеті Есеп
Мотива-циялық – қозғаушы
Шаттық шеңбер: Амандасу
Үлкен сыйлап кішіміз
Аға ақылын тыңдаймыз
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Сұрақ – жауап өткізу
Қонаққа Аққала келеді Шеңберге тұрады
Амандасады
Айтады, қимыл жасайды
Жауап береді
Қонақпен амандасады Ұйымдастыру – іздену
1.Түсінік беру, әңгімелесу, мағлұмат ету, диалог өткізу. Салыстыруды еске түсіру.
Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»
Бас бармақ – ата
Сұқ саусақ – әже
Ортан терек – әке
Шылдыр шүмек – ана
Кішкене бөбек – мен
Суретпен жұмыс, суреттегі бейнелерді атау, суретті сипаттап, талдау жасау
Әңгімелесу – Мынау не?
Оның түсі қандай?
Мына түйіршіктер қалай аталады?
Дем алу жаттығуы «Шаңғышы»
Б.Қ.: тұрамыз, сәлдеп алға еңкейміз, аяқ иық деңгейінде. Оң қол алда, саусақтар жұдырықта, сол қол артта, алақан ашық.
Орындалуы: дем алу, байсалды отыру. Оң қолды төмен, артқа сілтеу-дем шығару. Сол қол алға шығару- дем алу. 4 – 6 рет.
Дыбыстық және сөздік жұмыс.
Қыс қызықтары- зимние интересы, Қар - снег, Аяз – мороз, Суық – холодно.
Сергіту сәті: «Аман бол»
Ертемен біз оянып, - жүру
Күлімдейік баршаға, - қолдарын сермеу
Шынығамыз бәріміз- бұрылу
Шомыламыз сүртінеміз – қолдарын сермеу
Тамақтанамыз дұрыс біз – жүру
Топтық жұмыс: Іздену
Суреттегі бейнелерді карточкалар арасынан іздеп табу, атын атау, өзара байланыстыру.
Көзге арналған «Жел»
Жел еседі бетімізге (Көзді ашып жұму)
Шайқалады ағаштар. (оңға – солға қарау.)
Жел тыныштал, тыныштал (баяулап отырады,)көзді төмен түсіред
Биікке өссін ағаштар! (Тұрады, жоғары қарайды)
Сұрақ – жауап өткізу
Ойын: «Бұл не?»
Қандай қимыл жасап тұрғанын тану, атын атау, толық жауап беру
Жаттау – Қысқы бақта
Мақтадай ақ дала қар
Әркімде бір шана бар
Домаласып, шуласып
Сырғанайды балалар Мұқият тыңдайды
Қарайды, қатысады
Сұраққа жауап береді
Сөздік жұмысқа қатысады, қайталап айтады.
Қатысады, ізденеді
Ойынға қатысады
Жаттауды қайталап айтады Рефлексиялық – коррекциялау Дәптермен жұмыс
Ортаға жиналу. Сұрақ – жауап өткізу
Тыйым сөз: Белбеуді мойыныңа салма
Қонақ Аққалаға не үйренгендерін айту
Қоштасу Өздік жұмыс жасайды
Шеңберге тұрады
Тыйым сөзді қайталайды
Бөліседі
Қоштасу Күтілетін нәтиже: _______________________________________________________________________________________
Біледі:__________________________________________________________________________________________________
Түсінеді:_________________________________________________________________________________________________
Қолданады: ____________________________________________________________________________________________