Ересек топтар?а арнал?ан технологиялы? карта


№20 Ұйымдастырылған оқу іс-әретінің
технологиялық картасы
Ересек топ – Родничок ай – Қаңтар _____________
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Ыдыстар
Мақсаты: Ыдыстар түрлерімен таныстырып, қазақша атауларын үйрету
Міндеті:
Білімдік: Ыдыстар туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: Ой – қабілеттерін, сана – сезімдерін дамыту
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс –тәсілі: Түсінік беру, әңгімелесу, суретпен жұмыс, іздену жұмысы, дидактикалық ойын – «Атын ата», артикуляциялық жұмыс, жаттау
Сөздік жұмыс: Ыдыстар – посуды, тарелка – тәрелке, кесе – чашка, саптыаяқ – кружка, қасық – ложка, нож – пышақ, айыр – вилка.
Билингвалды компонент: Ыдыстар – посуды, тарелка – тәрелке, кесе – чашка, саптыаяқ – кружка, қасық – ложка, нож – пышақ, айыр – вилка.
Технологиялар: Мурашковска
Пән аралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу, тіл дамыту
Көрнекіліктер: Сурет, ойыншықтар, карточкалар,
Сауықтыру міндеттері:саусақ жаттығуы «Менің отбасым», дем алу жаттығулары «Шаңғышы», көзге арналған жаттығу «Жел», Сергіту сәті «Аман бол»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: топ - топпен
Әрекет кезеңдері Маман
іс – әрекеті Балалар
іс - әрекеті Есеп
Мотива-циялық – қозғаушы
Шаттық шеңбер: Амандасу
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз ынталы баламыз
Істен қызық табамыз
Сұрақ – жауап өткізу
Қонаққа Қуыршақ келеді Шеңберге тұрады
Амандасады
Айтады, қимыл жасайды
Жауап береді
Қонақпен амандасады Ұйымдастыру – іздену
1. Түсінік беру, әңгімелесу, мағлұмат ету, диалог өткізу. Салыстыруды еске түсіру.
2. Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»
Бас бармақ – ата
Сұқ саусақ – әже
Ортан терек – әке
Шылдыр шүмек – ана
Кішкене бөбек – мен
Суретпен жұмыс, суреттегі бейнелерді атау, суретті сипаттап, талдау жасау
Әңгімелесу – Мынау не?
Ол не үшін керек?
Дем алу жаттығуы «Шаңғышы»
Б.Қ.: тұрамыз, сәлдеп алға еңкейміз, аяқ иық деңгейінде. Оң қол алда, саусақтар жұдырықта, сол қол артта, алақан ашық.
Орындалуы: дем алу, байсалды отыру. Оң қолды төмен, артқа сілтеу-дем шығару. Сол қол алға шығару- дем алу. 4 – 6 рет.
Дыбыстық және сөздік жұмыс.
Ыдыстар – посуды, тарелка – тәрелке, кесе – чашка, саптыаяқ – кружка, қасық – ложка, нож – пышақ, айыр – вилка
Ертемен біз оянып, - жүру
Күлімдейік баршаға, - қолдарын сермеу
Шынығамыз бәріміз- бұрылу
Шомыламыз сүртінеміз – қолдарын сермеу
Тамақтанамыз дұрыс біз – жүру
Топтық жұмыс: Іздену
Суреттегі бейнелерді карточкалар арасынан іздеп табу, атын атау, өзара байланыстыру.
Көзге арналған «Жел»
Жел еседі бетімізге (Көзді ашып жұму)
Шайқалады ағаштар. (оңға – солға қарау.)
Жел тыныштал, тыныштал (баяулап отырады,)көзді төмен түсіред
Биікке өссін ағаштар! (Тұрады, жоғары қарайды)
Сұрақ – жауап өткізу
Ойын: «Бұл не?»
Қандай қимыл жасап тұрғанын тану, атын атау, толық жауап беру
Жаттау
Шеше,шеше,неше
кесе сынды кеше. Мұқият тыңдайды
Қарайды, қатысады
Сұраққа жауап береді
Сөздік жұмысқа қатысады, қайталап айтады.
Қатысады, ізденеді
Ойынға қатысады
Жаттауды қайталап айтады Рефлексиялық – коррекциялау Дәптермен жұмыс
Ортаға жиналу. Сұрақ – жауап өткізу
Тыйым сөз: Ата – ананың рұқсатыңсыз пышақты алма.
Қонақ Қуыршаққа не үйренгендерін айту
Қоштасу Өздік жұмыс жасайды
Шеңберге тұрады
Тыйым сөзді қайталайды
Бөліседі
Қоштасу Күтілетін нәтиже:
Біледі:_________________________________________________________________________________________________
Түсінеді:_______________________________________________________________________________________________
Қолданады: ____________________________________________________________________________________________