Ересек топтар?а арнал?ан математика саба?ы


КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Ересек топтарға арналған
математика сабағы
Тәрбиеші: Дюсупова К.К.
Самар ауылы

1 Сабақ
Мақсаты: Балаларға 5 көлеміндегі заттарды тура санау тәсілімен үйрету. Екі топтағы заттарды салыстыра білуге жаттықтыру. Сандарды салыстыру кезінде «бірдей», «тепе-тең», «аз» 6 «көп» ұғымдарын қалыптастыру (3 -2 ден көп, 2, 3 тен аз). 5 көлеміндегі заттарды ретпен санау, 1-5 дейін сандардың цифрлық таңбансын қайталау.
Көрнекі құрал: Аңдар: қасқыр, түлкі,кірпілер,қонжықтар,тиіндер,қоян,аю,дәрігер айболит, 5 градусник,5 дәрі ; жуан және жіңішке түбірлер, биіктігі әртүрлі ағаштар, аңдардың індері, саңырауқұлақтар, 4 жаңғағы мен 5 саңырауқұлақұлағы бар себет.
Үлестірмелі құрал: Екі жолағы бар карточка, жаңғақтар мен саңырауқұлақтар ( 6- 6 дан),әр балаға шелек,цифрлар.
Сабақ барысы
Балалар, мен балабақшаға келе жатқанда бір сауысқан шиқылықтап маза бермеді.Сөйтсем, ормандағы аңдардың бәрі бір бірімен ұрысып қалыпты, кей біреуі ауырып та қалыпты. Оларға тезірек көмектесу керек. Балалар, біз аңдарға көмектесейік пе? Аңдарға көмектескіміз келсе,біз ақылды, тапқыр, мейірімді болуымыз керек. Дайын болсаңдар екі – екіден тұрып,қол ұстасып орманға барайық.
І. Азат,айтшы сенің алдыңда кім тұр? Артыңда ше? Оң жағыңда? Сол жағыңда? Саған жақынырақ кім тұр? Алысырақ кім тұр? (3-4 баладан сұрау керек). Балалар,сендер өте зейінді екенсіңдер. Енді біз жолға шығайық. Балалар орманға келіп ормандағы орындықтарға отырады.
ІІ. Балалар, қараңдаршы,дәрігер Айболитке келіп ауырған аңдар емделіп жатыр.
-Қанша ауырған аңдар бар екен? (5) Олардың дене қызуын өлщеу керек. Кәне градусниктерді қойып дәрігер Айболитке болысып жіберейік. (Балалар аңдарға градусниктерді қояды.) Жетті ме аңдарға градусниктер? (Жоқ) Неге жетпей қалды? )Аңдар - 5,ал грдусниктер – 4).
- Не көқп,не аз? Қай сан көп,қай сан аз?(5 4 тен көп ,4 5 тен аз) Аңдар мен градусниктің сандары бірдей болу үшін не істеу керек? ( Тағы бір градусник әкелу керек.) Аяана, әклші тағы бір градусникті. Енді аңдар мен градусниктің сандары қандай? (Бірдей, тепе-тең, аңдар қанша,градусник сонша.) Аңдар мен градусниктер қанша ? ( 5- 5 тен)
- Балалар, аңдар тез жазылу үшін оларға не беру керек? (Дәрі) Аңдардың бәріне жету үшін қанша дәрі алу керек? ( 5 –дәрі) Арман барып үстелден аңдарға жететін дәрі алып кееді.Қанша дәрі әкелдің? (5 дәрі) Неге? Аңдардың бәріне дәрі жетті ме? Неге? Аңдар мен дәрінің саны қандай? Қаншадан? (5 -5 тен)
- Қоян бәрінен бұрын жазылып орманға қашып кетті. Енді аңдар мен градусниктің саны қандай болды? (бірдей емес) Не көп ? Не аз?Градусниктің нешеуі көп№ (1) Балалар,сендер дәрігерге өте жақсы көмектестіңдер. Сондықтан аңдардың бәрі жазылып ,сендерге рахметін айтып,орманға ойнап кетті. (Тәрбиеші аңдарды орманға орналастырады.)
ІІІ. Балалар ,қарандаршы қоян мен тиін дауласып жатыр. Қоян: «Менің түбірім жуан»,-дейді,ал, тиін : «Менің түбірім жуан», -дейді. ) Қоян жіңішке түбірде,ал тиін - жуан түбірде отыр.) Сендер қалай ойлайсыңдар,қайсысының түбірі жуан№ Оны қалай тексеруге болады? (Түбірлерді бір –біріне қойып салыстыру керек.) Кәне салыстырайық. Ненің түбірі жуан болып шықты? (Тиіннің) Ал ,қояндікі ше? ( Жінішке) Жарайсыңдар, балалар қоян мен тиіннің дауын шешіп бердіңдер . Олар татуласып орманға ойнап кетті.
4. Балалар, мен біреудің жылағанын естіп тұрмын. Ол кірпі мен тышқан екен ғой. Өздерінің індерін таба алмай жүр екен. Көмектесейік пе оларға ? Кірпінің іні ең биік ағаштың түбінде екен,ал тышқандікі – ең аласа ағаштын түбінде. Кім тауып береді қай жерде кірпінің іні? Неге ? Айнура, сен тышқанның інін тауып берші. Неге бұл ағаштың түбінде деп ойлайсың? Жарайсыңдар балалар,кірпі мен тышқан сендерге көмектескен үшін рахмет айтып жатыр.
5. Балалар,аю сендерді саңырауқұлақтың көжесіне шақырмақшы болған,бірақта саңырауқұлақтарды жинауға үлгермей қалыпты. Көмектесіп жібересіңдер ме аюға?
Міне сендерге шелек. Шелектің ішінде қандай санбар – сонша саңырауқұлақ теріп әкеліңдер. Жібек,сенің шелегіңде қандай сан бар? Қанша саңырауқұлақ әкелдің? (2-3 баладан сұрайды)
6. Балалар, тиіннің себетінде не бар? (Саңырауқұлақтар мен жаңғақтар) Ия, оны тиін өзіне қысқа дайындаған. Қазір біз де тиінге саңырауқұлақ пен жаңғақтарды санап берейік. Үстелдеріңе барып орыңдықтарыңа отырыңдар. Тиіннің себетінде міне қанша саңырауқұлақ (саңырауқлақтарды алып тақтаға қояды.) Сендер де үстіңгі жолаққа сонша саңырауқұлақ қойыңдар. Аяна ,қанша саңырауқұлақ қойдың? Неге? Ал астыңғы жолаққа міне қанша жаңғақ қоясыңдар.)Тәрбиеші себеттен жаңғақтарды алып тақтаға қояды.) Қанша жаңғақ қойдыңдар? Дана қанша жаңғақ қойды? Алина ше? Дамир? Аяна? Неге? Не көп? Саңырауқұлақ па әлде жаңғақпа? (Саңырауқұлақ).Қаншасы көп саңырауқұлақтың?
(Біреуі). Бірдей болу үшін не істеу керек? (Тағы бір жаңғақ қосу керек).Енді сандары қандай болды?Қаншадан? (5 – 5). Тиін бір саңырауқұлақты жеп қойды. Енді не көп болды? (Жаңғақ көп). Не аз? Қаншадаң болды? (4 -4 тен). Қ аяғында саңырауқұлақтан түк қалған жоқ. (Балалар саңырауқұлақты алып тастайды). Содан кейін жаңғақтардың да бәрін жеп қойды (алады).