Открытый урок на тему А.Байт?рсынов «Егінні? бастары» (5 класс)


Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мктептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Исаметова Элмира Ханалиевна
7-класс. Қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»Сабақтың мақсаты: А.Байтұрсынов өмірінен мәлімет беруБілімділік мақсаты: А.Байтұрсынов өмірінен мәлімет беру, мысал өлеңімен танысу, көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету .Дамытушылық мақсаты: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеуТәрбиелік мақсаты: Мысал өлеңді талдай білуге төселдіру, түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, оқушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, адамгершілікке баулу.Түрі: Шығармашылық - ізденіс сабақӘдісі :ақпараттық-коммуникациялық технология, СТО, шығармашылық, ассоциацияПәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы, бейнелеу өнері.Көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, суреттер, интербелсенді тақтаТүрі: жаңа сабақПәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс әдебиетіБарысыІ. Ұйымдастыру(Балалардың түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру)Зейіндерін сабаққа аударуСабағыңа жөндеп,Әзірленсең еңбек.Қиындықтың бәрінЕңбек қана жеңбекІІ. Білім деңгейін тексеруІ. кезең“Ақылды сынау”“Қызығушылықты ояту”(І кезең оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады,Өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді)Зымыран сұрақтар...1.Жиренше кім?2.Дүниеде не өлмейді?3.Д.Бабатайұлы кім?4.Сүйінбайдың шәкірті кім?5.А.Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?6.Абайдың неше қара сөзі бар?7.Күллі адам баласын қор қылатын нәрсе?8.Жалғастыр “Шығамын тірі болсам адам болып...9.С.Торайғыров қай жылы дүниеге келді?10.С.Торайғыровтың қандай поэмалары бар?ІІІ. Жаңа сабақ(Сабақ мақсатымен таныстыру)Дәптерлеріне күн жадын, тақырыпты жазғызуБар ма үйден дайындық?Тапсырмаңыз дұрыс па?Оқымасаң, уайым қып,Тығылмаңыз қуысқа.Балалардың шығармашылық ізденіс жұмыстары(ізденіс жұмыстарын баяндау, көрсету, ортаға жеткізу)Сөз кезегі оқушылардаА.Байтұрсынов өмірінен деректер, өлеңіне байланысты салынған суреттер, қысқаша көрініс.ІҮ. Ақын өмірінен дайындалған слайд көрсетіледі.Ахмет-аудармашыОрыс классиктерінің мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлес қосты.Мысал-оқиғалы, адамға сабақ болар өсиеті бар шығарма.Мысал өлеңде ақын жануарлар, құстар, өсімдіктер арқылы адамға тән қасиеттерді көрсетеді, сол арқылы адам бойындағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды.А.Байтұрсынұлы А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.А.Байтұрсынұлы И.А.Крыловтан 14 мысал аударған.“Аққу, шортан, һәм шаян”“Ат пен есек”“Қасқыр мен тырна”“Айна мен маймыл”“Маймыл мен көзілдірік” т.бӨлеңді тыңдауСөздікСайран ету, қыдыру-гулять, прогулятьсяДән-зерноКөкке қарау – смотреть на небоҚожа - хозяинҚайран қалу - удивлятьсяЕгінші-земледелецТәкаппар-высокомерныйТағзым-поклонКөпке балау-приравнивать со всемиШікірею-кичитьсяДәптерлеріне бидайға мінездеме жазуТоптастыруМақтаншақБидайТәкаппарЕшкімді менсінбейдіКесте толтырур/с ----Шығарманың авторы --- Шығарманың атауы ----Кейіпкері ----Кейіпкердің мінезіЛексикалық жұмысСөздер, сөз тіркестер -----Синонимдер ------АнтонимдерЖас балаСайран салуКөзі түсуҚайран қалуКөкке қарапҮ.Бекіту1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?2.Мысалда қандай адамдардың мінезі сыналады?3.Мысалда адамдардың мінезін нелер арқылы көрсетеді?ҮІ. Үйге тапсырма мысалды оқуҮІІ.Бағалау.