С?йлемнен берілген білімдерді ?айталау саба? жоспары 4 сынып


Тақырыбы: Сөйлемнен берілген білімдерді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы берілген материалдарды қайталап еске түсіру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, танымдық қабілеттерін дамыту. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, топтамалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
- Балалар, терезеге қараңдаршы.
Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 9-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Сөйлемнен берілген білімді қайталау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
-Сөйлем туралы не білеміз?
-Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қандай түрлері бар?
-Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс.
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.
Көркем жазу.
10-жаттығу. Берілген мақалдарды оқып, көшіріп жаз. Әр сөйлемде неше сөз барын анықтап, қойылатын сұрағын жаз.
11-жаттығу. Төмендегі сөйлем мүшелеріне талдау үлгісіне назар аудар. Олардың байланысын сызбамен көрсет.
«Түймедақ» ойыны тапсырмалар орындау. (сөйлем құра, скт)
12 -жаттығу. Футбол алаңда ойналады. Планеталар үнемі күнді айналып қозғалады.
.............. ....................... ...............
Айран қой, сиыр сүтінен әзірленеді? Атам өнер-білім жайында көп біледі.
............................... ..........................................
Сурет бойынша сөйлемдер құра. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.
ҮІ. Бекіту.
14-жаттығу. «Кім келіспейді?» ойыны. Ойынның шарты: ойын бастаушы төмендегі сөйлемдерді тақтаға жазып, оны сөйлем мүшесіне талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан баланың пікіріне «кім келіспейді?» деген сұрақ қойылады. Келіспегендер өз пікірін дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы ойын бастаушы болады.
ҮІІ. Қорытындылау.
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай болып бөлінеді?
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 13-жаттығу.
ІХ. Бағалау.