Сергіту с?ттері (1-4 сынып)


СЕРГIТУ СӘТТЕРI #1
HYPERLINK "http://sabaq.kz/author/admin/" \o "Написал admin" ADMIN · НОЯ 24TH, 2012 ·  HYPERLINK "http://sabaq.kz/609/%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b3i%d1%82%d1%83-%d1%81%d3%99%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80i-1/" \l "respond" \o "Комментарий на СЕРГIТУ СӘТТЕРI #1" 0 COMMENT
СЕРГIТУ СӘТТЕРI #1
Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады. Бұл сергіту сәттеріне арналған өлеңдердің келесісі1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.
 
2. Бiр, екi, үш
Бойға жинап күш.
Жаттығуды жасаймызШынығуды бастаймыз.
 
3. Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ.
                       /Б.Бөрiбаев/
3. Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.
                       /Б.Бөрiбаев/
 
4. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
                                              /Б.Бөрiбаев/
 
5. Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адымАртқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліпЖоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
 
6. Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
 
7. Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
 
8. Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
                       /Б.Бөрiбаев/
 
9. Тез қозғалып осылайЖаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
                       /Б.Бөрiбаев/
 
10. Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездердеҚонайық жорғалап.
                       /Б.Бөрiбаев/
 
11. Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – апам.
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек –  мен
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
 
 
12. Айнадағы бейнедей,
Қимылдарды қайтала.
Бiр сөз айтсаң сен оған
О-дан жауап қайта ма?
                           /Б.Бөрiбаев/
 
13. Айнаға қараймын
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқаша тазамын,
Бәрiнен озамын.
 
 
14. Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.
                               / Б.Бөрiбаев/
 
15. Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адымБiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
 
16. Біз бесеуміз, бесеуміз.
Бес тармақты жұлдызбыз.
Біз бесеуміз, бесеумізАқ қалпақты құндызбыз.
Аяғымыз қайда екен,
Тез қозғалсақ пайда екен.
Бiзден биiк секiрерМықты жандар бар ма екен?
 
17. Оңға бір,
Солға бір,
Бұрылып жолдары,
Жолаушы жүредi.
Соңынан жүгiрiп,
Бұтаға үңiлiп,
Сүрiнiп, тығылып
Күшiгi үредi.
                 /Б.Бөрiбаев/
18. Бала, бала, балақай,
Қол соғайық, алақай!
Бiр,екi,үш деп айтайық,
Саусақтарда тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып, ойнайық.
                              / Б.Бөрiбаев/
 
19. Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiпСолға қарай иiлiпБiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұрСолға-солға түзу тұрЖоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинапБiр шынығып алайық.
 
20. Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
/ Б.Бөрiбаев/
 
21. Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедiӘдемiлеп ән салып,
 
Топ-топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып,
Жамандықтан қашайық.
 
Ұшқандай боп кекiлiк,
Биiк-биiк секiрiп,
Ойнап-ойнап, тез өсiп,
Кетемiз бiз жетiлiп.
 
Тұрып қалмай жантайып,
Бiр еңкейiп, шалқайып,
Жылдам-жылдам қозғалып,
Асқақ әндер айтайық.
                           /Б.Бөрiбаев/