Разработка открытого урока на тему Электричество и магнетизм для 8 классов


Сабақтың тақырыбы: Есеп шығарту (электр және магнит құбылыстарына)
Сабақтың мақсаты: Тараулар бойынша алған білімдерін қорытындылау
Күтілетін нәтиже: Тарауларда қарастырылған формулалар мен теңдеулерді тиімді қолдана отырып, есептеулерді жүргізуді үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі:Кеспе қағаздар мен тапсырмалар
Сабақтың барысы:
1.Оқушыларды түгелдеу және сабаққа дайындықтарын тексеру(кітап,дәптер,қаламсап т.б.)
2.Арнайы кеспе қағаздардағы есептерді шығару( Бағалау критерийлері: тапсырмалардың талапқа сай жазылуы,ХБЖ келтірілуі,формулаларды дұрыс қорытып шығаруы мен шешімін табу)
3.Есептер шығару кезінде бағыт- бағдар беріп отыру,оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттырады,формативті бағалау мен кері байланыс жасап отыру-оқушы еңбегінің бағалануы
4.Берілетін есептер:
1.Магнит индукциясы 10мТл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан, ұзындығы 1см түзу өткізгіш арқылы 1А ток өткенде, оған әсер ететін күш (0,1мН)
2.Орамдағы сымның ұзындығы 0,2м электрқозғалтқыш якоріндегі ток күші 20А болғанда 1Н күш әсер етеді.Осы өткізгіш орналасқан жердегі магнит индукциясы ( 0,25 Тл)
3.Магнит индукциясы сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50 см өткізгіштен 3А ток өткенде әсер ететін күш 0,12Н.Магнит индукциясының мәні неге тең?(0,08Тл)
4.Массасы 4г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10А ток өткенде Ампер күші ауырлық кұшімен теңгеріледі.Магнит өрісінің индукциясы 20 мТл болса өткізгіштің белсенді ұзындығы(g=10Н/кг)(0,2м)
5.Горизонталь рельстер бір-бірімен 0,2м қашықтықта тұр.Олардың үстінде рельске және магнит индукция векторына перпендикуляр металл шыбық жатыр.Шыбықтың массасы 0,5 кг және шыбық пен рельс арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2.Шыбық бойымен 50 А ток жүргенде, шыбықты қозғалту үшін қажет магнит өрісінің индукциясы (0,1Тл)
6.Индукциясы 0,4Тл-ға тең магнит өрісіндегі 2*104 км/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға әсер ететін күш (1,28пН)
7.Салмақсыз екі жіпке ілінген,ұзындығы 50 см, массасы 20 г горизонталь өткізгіш индукциясы 0,4 Тл магнит өрісінде орналасқан.Жіптің созылуы тоқтайтын ток күшінің мәні(1 А)
8.Ішіндегі өрісінің индукциясы 2мТл, көлденең қимасының ауданы 200см2 соленоидқа болат өзекшені енгізгендегі магнит ағыны(µ=8000) (0 ,32Вб)
9.Индуктивтілігі 2Гн контурдағы магнит ағыны 4 Вб болғанда ондағы ток күші(2А)
10.Ток күші 3А, индуктивтілігі 4 Гн контур арқылы өтетін магнит ағыны(12Вб)
11. Ток күші 2А, магнит ағыны 4 Вб контурдың индуктивтілігі(2Гн)
12.Индуктивтілігі 0,2Гн-ге тең шарғы орамаынан 50А ток өтеді.Шарғының магнит өрісінің энергиясы (250Дж)
Қорытынды: Кері байланыс жасау,бағдаршам әдісі арқылы бағалау.
Үйге тапсырма:61 оқу