«Тілім мені? – т?уелсіздік жаршысы» атты тіл апталы?ы аясында ?ткізілген «?лы даланы? ?лы Тілі» атты ?неге са?аты


«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК

«Тілім менің – тәуелсіздік жаршысы»
атты тіл апталығы аясында өткізілген
«Ұлы даланың Ұлы Тілі» атты өнеге сағаты
Оқытушы: Сарбалаева А

Бейнеу 2016
Тақырыбы: « Ұлы даланың - Ұлы Тілі »
Мақсаты: Ұлт болашағы – тіл. Тіл болмаса ұлт та болмайды. Олай болса, ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып, оны өшпес мұра етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа, аманаттап табыстау, жеткізу – бүгінгі біздің міндетіміз. Бүгінгі өнеге сағатының басты мақсаты – оқушыларға тіл туралы, оның қадір – қасиетін ұғындыру.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар ! Бүгінгі « Ұлы даланың - Ұлы Тілі » атты өнеге сағатына қош келдіңіздер !
2-жүргізуші: Ана тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
1-жүргізуші: Еліміздің ең қастерлі құжаты – Конституцияның жетінші бабында: « Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Осы бапта «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» делінген. Ата заңның жетінші бабы еліміздегі мемлекеттік тілдің, орыс тілінің, сонымен қатар басқа да тілдердің мәртебесін белгілейді. Бұл құжат, әсіресе, мемлекеттік тілдің орны бөлек екенін әйгілеп тұрады. Жетінші бапты жеті қазынадай қадірлейтініміз сондықтан.
2-жүргізуші: Сол Конституциямызды қабылдағанымызға, міне, биыл жиырма бес жыл толды. Осы жиырма бес жыл ішінде еліміздің іргетасын қатайтты, тілдік ортаның бедерін өзгертті. Еліміздегі өзге ұлт өкілдері де қазақ тілінде еркін сөйлеп жүр.
1-жүргізуші: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Ендеше студенттердің тіл туралы өлеңдерін тыңдайық.
Дәрібаева Гүлшат
Өтесинова Ж
Жолмұханова Г
Құрақбаева С
2-жүргізуші: Елбасымыз «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деді. Бүгінгі күні, қазақ пен қазақ, орыс пен қазақ, сондай- ақ орыс пен орыстың қазақша сөйлесуінің көптеген мысалдары бар. Ендеше, «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өз жемісін бермеді деп айта алмаймыз. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленуге, енді болашақта сол бағдарлама аясында жұмыс істейтін боламыз.
1-жүргізуші: Қытайдың ұлы ойшылы «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деп айтқан екен. Елбасының «Тілдің үштұғырлығы» идеясынан халықтың келешегін көрегендікпен ойлағандығын көруге болады. Тіліміздің бүгінгі жай-күйі жайындағы әңгімені аз-кем үзе отырып, кезекті ана тілі туралы видеороликке берсек.
2-жүрг. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сыйар. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң небір алуан шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне...
1-жүрг. Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – деп ,ұлы Абай айтпақшы әсем әнге құлақ түрейік.
Ән: «Қазақстан»
Орындайтындар: Балтыкова Т. Жангалиева Н
2-жүрг. Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі- жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
1-жүрг. Қазақ халқы тіл қадірін біліп, ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы жатады.
Үш кемеңгер дүлділім,
Сақтаған ел бірлігін!
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық
Көрініс
2-жүрг. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
Соның ішінде, ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз.
1-жүрг. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз» десе, енді бір сөзінде « Өз тілімізбен өмір сүрейік!» - бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: « Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!» деп жанашырлықпен үндеген болатын.
2-жүрг. Кезекті «Қазақ» биіне берейік.
2-жүрг. Әкемнің құты,
Анамның сүті-
Сіңірген тұла бойыма.
Бар асылын халықтың,
Қазақтың ұлы тарихтың,
ҚҰйған сана ойыма-
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті, көркем де
1-жүрг. Қасиетің , ана тілі , аз сенің
Өзің барда ескірмес , тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,
Мұқағали атты өлең жазбас еді.
Кезекті студенттер тобының өлең шумақтарына берейік.
Досанова К
Давлетмұратова Г
Бердибай Н
Орынбасарова Б
Қорытынды
2-жүрг. Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! – деп, және ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығының ең негізге ұйытқы болған-оның ғажайып тілі-деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев ой қозғап, түйін түйсе, халқымыздың қанымен, жанымен жаратылған, ана тіліміздің өркендеуі, дамуы, өсуі, кеңге қанат жаюы сіз бен бізге байланысты.
1-жүрг. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр – әнім.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...
2-жүрг. Қуан анам!
Ұзағынан сүйініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен де алдыңда иіліп.
2-жүрг. Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жастар білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдарды дөп басып отыр.Елбасымыздың Жолдауына тағы бір айтылатыны қазақ тіліне қатысты мәселе.Бүгінде біздің ана тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналған. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болады.Еліміздің ертеңі – біз жастардың қолында.
2-жүрг. «Ұлы даланың Ұлы Тілі» атты өнеге сағатымыздың осымен аяқтаймыз.
Назарларыңызға рақмет!