Саба? жоспары Ж?мада ?анша к?н бар?


Тақырыбы: Жұмада қанша күн бар?
Мақсаты: Аптаның әр күнінде берілген тапсырмаларды орындау, жан - жақты қамтылған сұрақтармен білімдерін қорытындылау.Танымдық қабілеттерін дамыту, жаңа сөздерді қайталату арқылы сөздік қорын молайту, таза, анық сөйлеуге дағдыландыру.Әдепті сөйлеуге, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсіл: ойын, сұрақ – жауап, билингвалды
Ми гимнастикасы «Басты шайқау», «Жалқау сегіздіктер»
Ұйымдастыру.
Ерте, ерте, ертеде Апта деген атаның жеті бірдей ұлы болыпты. (балалар жалғастырады)
Біріншісі - дүйсенбі
Екіншісі - сейсенбі
Үшіншісі - сәрсенбі
Төртіншісі - бейсенбі
Бесіншісі - жұма
Алтыншысы - сенбі
Жетіншісі - жексенбі
1.Дүйсенбі «Шаттық шеңбері»
2.Сейсенбі «Білімділер сайысы»
А) Дүкеннен маған 2 төртбұрышты доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды. \төртбұрыш доп болмайды\
Ә) Шыршада 2 алма, қарағайда алма, қарағайда 3 алма өсп тұр. Барлығы қанша алма өсті. \бұларда алма өспейді\Б) Қарлығаш жоғары ұша ма, әлде тауық жоғары ұша ма?
В) Бір бала ылғи өтірік айтады екен. Одан «Сенің мұрның біреу ме, әлде екеу ме? – деп сұраса ол қалай жауап берер еді. \екеу\
Тапсырмалар
Бірдей 2 балапанды тап. Оларды боя.
Қатардағы қояндар бірдей болатындай суретті толықтырып сал.
3. Сәрсенбі «Көңілді ойындар»
Шарды жарып ішінде берілген тапсырмаларды орындау.
«Адасқан сандар» ойыны. 1 – 10 дейінгі сандарды үш тілде санау.
Дидактикалық ойын «Неге ұқсайды?»
4. Бейсенбі «Ертегілер әлемі»
«Жеті қазынаның бірі ит» ертегісін сахналау
5. Жұма «Қасиетті күн»
Апта ішінде жұма күні қасиетті күн болып есептеледі. Бұл күн біздер үшін тазалық күні болып саналады. Шаңды сүртеміз, гүлдерге су құямыз, жапырақтарын сулы матамен сүртеміз, топырақтарын қопсытамыз.
6. Сенбі «Жалғасын тап» ойыны
Мынау менің жүрегім............
7. Жексенбі «Демалыс күні» \ не істейтіні туралы әңгімелейді\
Қорытынды: Апта күндеріне рахмет айтайық.
Дүйсенбі, күннің бастауы болғаныңа рахмет!
Сейсенбі, шуақ шашқаныңа рахмет!
Сәрсенбі, сәтті күн болғаныңа рахмет!
Бейсенбі, нұрыңды төккеніңе рахмет!
Жұма, қасиетті күніңе рахмет!
Сенбі, көңілді күн болғаныңа рахмет!
Жексенбі, демалыс бергеніңе рахмет!